Сайтқа кіру Тіркелу

ЖИТС - XXI ғасыр індеті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақатарал ауданы,
Игілік ауылы, «Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
кітапхана меңгерушісі Болатбекова Салтанат Карсыбековна

Тақырыбы: ЖИТС - XXI ғасыр індеті

«Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» (Нұрсұлтан Назарбаев).

Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бүктемелер, газет - журнал, кітапшалар, интерактивті тақта слайд, қабырға газеттері.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 1 - желтоқсан - Халықаралық ЖИТС - пен күресу күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер, яғни мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі - халық денсаулығын нығайту.

2 - жүргізуші: Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі аурулардың көбеюі, соның ішінде СПИД - тің кең етек алуы. Оның шығу тарихы жөнінде айта келе осы жағдайды бейнетаспадан көрейік.
Бейнетаспа қосылады.
1. Ауырудың жұғу жолдары мен белгілерін таныстыру.
2. Аурудың алдын алу мүмкіндігін көрсету.
3. Аурумен қарым - қатынастың қалай болу керек екенін түсіндіру.
4. Аурудың қауіптігін сезіндіру.
5. Әңгіме арқылы оқушының ойлауға жетелеу.
Қорытындылау.

1 - жүргізуші: Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелерін тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ғалымы Әбунасыр әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Олай болса біздің болашағымыз неге байланысы?
АҚТҚ - ЖҚТБ дегеніміз не?
Бұл дерті, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естілді. 1983 - 1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықталды. 1986 жыл бұл ауруға «Адам иммун тапшылығының вирусы» деген ат берді. СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті. Содан жылжып 1970 жылдары Африкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді» деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200 - ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген. 1987 жылы 23 - сәуірде СПИД - пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.
АҚТҚ - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды.

АҚТБ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТБ - мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ - дан толықтай айықтыратын дәрі - дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке карай, кез - келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп тәуелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ - ның таралуының алдын алуға болады.
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады.
1. АҚТҚ - мен зақымдалған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен шприцтерді бірге қолданғанда.
3. Медициналық манипуляциялар кезінде заласыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
4. Жыныстық қатынас арқылы.
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды.
Қол алысқанда, құшақтағанда.
Ыдыс - аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.
Су мен ауадан.
Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.
Адамның АҚТҚ - мен зақымданғанын қалай білеміз?
Адамның АҚТҚ - мен зақымданғанын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады.
Ауру қалай асқынады?
АҚТҚ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5 - 7 жыл ішінде білінеді.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірінші топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ - ның басталғандығын білдірмейді. Алайда арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ - ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
Ал, енді балалардың дайындап келген ЖИТС құрбаны (монолог) көрейік.
Мұңды музыка орындалып тұр. Сахнаға ер бала шығады.
Бала: Төбе құйқаңды шымырлатып ышқына шыққан азалы да ащы әуен. Ағысы мен қағысы қатты аудын музыка аласұрып бебеулетіп өртеп әкетіп барады. Жарқ - жұрқ етіп жоғарыдан айқұш - ұйқыш, суы сорғалаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөңбекшіген біреу. Біресе ұшып тұрып, біресе қайта құлайды, құлайды да қайта тұрады. Есірік айғай, сандырақ. Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам. Аласұра шыққан азалы әуен баяулап барып саябыр тапқанда, қайғы - мұң қасіретінен қажыған адам ыңырана орнынан көтерілді.
Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Сахнада адам төзбестей ауыр тыныштық, жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай, іштей тілдесіп, өзімен - өзі отыр.

Ұйықтайын десем қорқамын.
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын,
Шіріген картоп сияқты
Бұрышында қалған бір қаптың,
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.

Қаламат қымбат жемісті
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке, асыл азамат,
Ауру меңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
Сахнада мұңды әуен басталады. Тіршілікпен теперіш көрген жас бала егіліп жылап тұрады.
Бала: Мен жағдайы жақсы отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көрген жоқпын. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқандай, өте ерке болып өстім. Әке - шешем барлық дегенімді жасады. Анда - санда әкем мен тентек болған кезде айғайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз баладан нең бар?! Деп араға түсетін.
Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып, біраз үнсіз қалды.

Бала: Әлпештеп алды анам алдымнан шығып,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана пәруанат боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпес деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді.
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей - кейде бала кезіп,
Бала кезімде кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайыңға жайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Себебі неде дейсіз ғой? Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші үйге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да менімен тетелес ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей екеуміз жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен артықшылығы «наша» деген пәленің дәмін ерте тапқан екен. Енді мен де шеге бастады. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам жолаймын ба?!
Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен түсіріп сөйлеп кетті.
Бала: Арада 2 - 3 жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы арғы сұйық құйылған инеге де көңілім ауды. Не құдіреті барын, сол бір инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететін. Бұл кезде әкем көлік апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергенін есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты ауырып ауруханаға түстім. Бірде қатты ауырып ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің ЖИТС - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптеген тарқамаған қайғымен,
Жүрегімнің мұңлы көзінен сеземін.
«Өлерім» деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман көлінде жүзе алмай.
Қанатымнан жаралаған күйде мен.
Соңғы кезде өмір, тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойлайтын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой! Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өміріңде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі?
Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе?
Қазір ғой, ішім жидіп күйін кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!
Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды,
Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты?
Мұңды әуен ойналады.

Бала: Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманын,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Тек қана кінәлімін, сол үшін.
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым:
Ауырмаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Мұңлы әуен қайта ойналады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Оқушы: ЖҚТБ деген тағы да бір жау шықты,
Жер астына жөнелтті небір албыртты.
Ажал себер аждаһадан аулақ бол,
Жастар неге сақтамайды саулықты?!
Оқушы: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді.
Құр айтпаған ғұлама данамыз да,
Сақта халқым, денсаулықты Алла берген,
Оң болсын десең егер тіршілігің,
Сақта халқым, денсаулығын аналардың,
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.

Кітапханашы: ЖҚТБ адамзат алдында тұрған күрделі және қиын мәселе. Ол тек медицина ғана емес, әлеуметтік мәселе. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырады. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті наша, темекі сияқты зиянды улы нәрсеге әуес, құмар болмайық, қымбатты біздің болашақ, өміріміздің жалғасы.
«Бірінші байлық - денсаулық» дейді қазағымыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×