Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

Зеленов ауданы Көшім ауылы Көшім ЖОББМ - балабақшасы
Пән мұғалімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна

Тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Мақсаты: Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Отан, туған ел, туған тіл туралы өлеңдер айту.
Көрнекілігі: Суреттер, шиырмалар, плакаттар

Сабақ барысы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
І жүргізуші: Қанат
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.
ІІ жүргізуші: Айшат
1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10 - да бар жоғы 18 минуттың ішінде елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Геннадий Колбин ешкімнің пікірінсіз - ақ ұсынылған еді.
І ж. Қанат
Бұл шешімге наразы болған жастардың талап - тілегі «Әр халыққа – өз көсемі!», «Ұлттар өзін - өзі билесін!» еді.
ІІж. Айшат
Алаңға жиналған жастарды «ұрда жық» жазалаушылардың күшімен қан жоса қылып жазалап, түрмеге отырғызды.
І ж. Қанат
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан - кестең ойда жоқта
Артыңда ұмытылмас із қалдырдың - Ақұштап Бақтыгереева апамыз жырлағандай Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрліктің, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күн еді.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету