Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік тіл-мәртебеміз

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш ауданы,
№ 9 Майлықожа атындағы жалпы орта мектептің
кітапханашысы Темирбекова Раушан Дуйсеналиевна

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл - мәртебеміз
Сабақтың мақсаты: Ана тілін сүюге, құрметтеуге, тіліміздің мәртебесін асыруға тәрбиелеу;
1 - жүргізуші: - Қымбатты ұстаздар, Оқушылар мен оқырман қауым! Бүгінгі тілдер мерекесі құтты болсын!
2 - жүргізуші: - Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте - деп Қ. Мырзалиев атамыз айтқандай мемлекеттік тіл - қазақ тілін бүкіл республика халқы, өзге ұлт өкілдері құрметтеуі тиіс. Айтулы мерекенің салтанатына орай «Мемлекеттік тіл - мерекеміз!» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
(Үнтаспада күй ойнайды. Сахнада әкесі мен інісі)
1 - бөлім. «Біздің көшенің тұрғындары». Көрініс
Жандос жүгіріп келіп:
- Әпке, әпке! Көкем мен апам базардан келгенше, ауыл балаларын жинап бастаңғы жасайық.
- Мен жұмысқа барамын. Жасасаң жасай ғой. Дядя Коляның баласы Коляны, Зина әженің немересі Викторияны, Фархат аканың баласы Шухратты, шақыр. Жалғыз үйлі неміс ұлтын шақыруды ұмытпа. Ұят болады. Карлс көкенің баласы Карлды және көрші Жанарды да шақыр. Сөйтіп өздерің тату - тәтті ойнаңдар.
- Жарайды әпке. Мен оларды шақырып келейін.(Жандос асығыс жүгіріп кетеді)
- Коля! Виктория! Шухрат! Карл! Жанар! Біздің үйге қонаққа жүріңдер!
Балалар келіп дастархан басына жайғасады.
Жандос: - Қане, балалар, дастарханнан дәм ауыз тиіңдер.
Коля:
- Ал, енді құр отырмай, ойын ойнасақ қайтеді?
Карл:- Ойнасақ, ойнайық!
Жанар: - Алдымен жұмбақ жасырайық.
Виктория: - Ендеше баста!
Жанар: - Ана ауылдың бурасы, мына ауылдың бурасы, желкілдейді шудасы. Не ол?
Коля: - түтін емес пе?
Жанар: - Иә, дұрыс таптың.
Карл: - енді мен жасырайын. Тауып көріңдер: Аспаннан күбі түсті. Шухрат, сен айтып көрші қане?
Шухрат: - Мен таппадым.
Жандос: - Онда ән салып бересің.
Шухрат: Мен ән сала алмаймын. Бірақ мақал - мәтел айтып берейін. «Тіл - тас жарады, тас жармаса - бас жарады», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», «Тіл – ақылдың өлшемі», «Туған жердің тезегі де дәрі», «Тілі жеткенше сөйлеген - шешен, қолы жеткенше нұсқаған - көсем»
Балалар:- Ой, жарайсың, Шухрат! О, бәрекелді!
Виктория: - Балалар, жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын.
Жанар: - «Тарғыл итім талға орал». Кім қайталайды?
Жандос 3 рет қайталайды. Карл шатасып 5 рет қайталайды.
Карл: - басқа бір ойын ойнайық.
Жандос:- Келіңдер, «Жүзік салу» ойнайық
Виктория: - Жоқ, «Ұшты, ұшты» ойнаймыз.
Жандос:- Жарайды. Біз, қазақтар қонақты құрметтейтін, дархан халықпыз. Сенің - ақ айтқаның болсын.
Шухрат: - Ал, бастадық. Ұшты – ұшты қарға ұшты. Ұшты - ұшты күбі ұшты, Ұшты - ұшты қошақан ұшты, ұшты - ұшты жапырақ ұшты...
Шатасқан оқушы ән айтады.
Коля: - Балалар, Жандостың ата - анасының келетін уақыты болып қалды.
Шухрат: Иә, Қанат меймандостығыңа рахмет. Балалар, «балға ма, балта ма?»
Балалар: - балға.
Виктория:- Ендеше (хормен) «үйді - үйіңе тарқа!»
(Балалар тарқасады)
ІІ - бөлім Өлеңдер оқу
1. Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр
Бірімен - бірі туысқан Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, өзбектер
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер
Армян, тәжік, грузин
Орыспенен украин
Терезесі тең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр. (Ж. Жабаев)
2. Ата - анамды таныстырып осы тіл,
Танымасты таныс қылған осы тіл.
Төле би боп, Қазыбек боп, Әйтеке,
Бітпес дауды жағыстырған осы тіл.
Жау тигенде біріктірген осы тіл,
Індет келсе, дүрліктірген осы тіл.
Күштілерден қуғын көрген сияқты
Туыстырып, кіріктірген осы тіл (К. Төлеуұлы)
3. Туған тілім, бабам тілім, өз тілім!
Туған тілім - далам тілім, өз тілім!
Туған тілім - адам тілім, өз тілім!
Туған тілде сырытерең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып ап алыңдар! (Д. Әбілев)
4. Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым еніп күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қазақ тілі -
Ұрпақтар талайының
Сен тілісің
Адамзат Абайының!
Түрлі ұлт өкілдері балалары ұлттық ойындарды көрсетеді
1. Арқан тарту
2. Асық ату
3. Күрес
Тіл туралы нақыл сөздер
Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да... (қол үзеді)
Ғ. Мүсірепов
Тілі жоғалған халықтың... (өзі де жоғалады)
(Ахмет Байтұрсынұлы)
Ана тілін біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең бұл -... (сүйініш),
Ана тілін білмей тұрып орысша жақсы сөйлесең бұл -.... (күйініш)
(Халел Досмұхамедұлы)

Өлеңдер оқу
1. Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой - білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді. (Ә. Табылдиев)
2. Қазақ жері маған болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
Досқа – дархан, дұшпанға сараңша қатаң,
Сүйем оны сағынып, самғап жетем.
Орыс, қазақ, туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылық бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет далаға шық! (В. Смирнов)
3 - оқушы: - Ау, құрметті, халайық! Бұл не тұрыс? Тойды қымыз ішіп, қуырдақ жеп біздің отауда жалғастырайық. Жүріңдер, құдай қосқан көршілерім!
Олар сахнадан шығып кетеді.
4 - оқушы:
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін. (Шынболат)
ІІІ - бөлім. «Қазақ өнері және біз!»
Тәрбие сағатының соңғы бөлімі – ән, биге ұласады. Түрлі ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде ән шырқап, би билейді
Қорытынды.

Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×