Сайтқа кіру Тіркелу

«Қызым саған айтам ... » сырласу кеші

Нұғыманқызы, Надежда Зинетоллақызы, Жұмановтар отбасы.
Мақсаты: «Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.»
Шақырылған қонақтар:
Барысы: (жаймен әуен ойналып тұрады) Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер толғанай айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, шақырылған кешіміздің қонақтары! «Қызым саған айтам...» тақырыбындағы сырласу кешіне қош келдіңіздер! Елбасымыз «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», деген болатын.
Ендеше, құрметті қонақтар бүгінгі «Қызым саған айтам...» сырласу кешінің алғашқы сөзі мектеп директорына беріледі.
Кіріспе.
«ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ, РУЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ» осы бір нақыл сөзде қаншама мағына бар десеңші.
Ия, ертеде ата - бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата - бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әр бір ата - ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар - ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Халқымыз ертеден қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Ертеде аналарымыз отбасы ошақ қасында, балаларының тәрбиесіне, ерінің қабағына қарап, сол үйдің түтін тұтатып отырған. Сол аналарымыздың арқасында еліміз ел болып, тәуелсіздігіміз тұғырына қонып, бүгінгідей ұрпақтың яғни қазақ халқының жер бетінде өмір сүріп жатқандығы деп білеміз. Бұрындары әкенің қабағына қарап сөйлейтін қыз. Қазақта «әкенің сөзі - оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата - бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің әсем - сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Қыз баланың тәрбиесі ата - анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына үйреткен.
( Иманға, үлгілі отбасыларына сұрақ ) Сіздердің кездеріңіздегі қазақ қыздары қандай еді? Әжелеріміз өзінің жас кезіндегі кейпін қалай сипаттап берер екен. Ой – пікірлеріңізге үлкен рахмет айта отырып, кезекті әсем әнге берсек. Ортада « Қыз сыны» әнімен Әлімұлы Тұрғанбайды қошеметпен қарсы алайық.
І - бөлім «Баланы бастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң» (бейне ролик және сахналық көрініс )
Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? деген сауалға ауыл тұрғындарының берген жауабын экраннан бірге тамашаласақ. (интервью Әйелдер кеңесінің төрайымы: Саулеш Сатыбалдықыз, фельдшер - акушер: Айжан Рахимқызы, бас маман Клара Зинеденқызының сұхбаттары экраннан көрсетіледі.)
Қазіргі қыздар
Алайда бүгінгі таңда көптеген ата - аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайсың.
Қыздарының белі бесіктен шықтай жатып, ашық - шашық киіндіріп сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан - ақ сәнқой болып шыға келеді.
- Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ? Дегенмен көптеген қыздар өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Сонымен қатар арақ ішіп, темекі тартуы - бұл үлкен қасірет.
- Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап өздеріне үлгі етер күн қашан туады екен?
- Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?
Мәдениеттің бәрі киімнен басталады десек, айтарымызды сәнге бұрсақ. Заманның сұранысы деп бір кездер шетелден сан түрлі сәнді киімдер жетсе, ішінде ұлтты аздыруға әрісі ұрпақсыз қалдыруға киім үлгілері бірге келеді. Белді жоқ шалбар, қысқа юбка, бір қарыс кофта.
- Бұл дегенің біреулерге байлықтың астында қалуға мүмкіндік берген шығар, ал бізге ше?
Ағамыздың алдында мазақ, жұрттың алдында күлкі, ана мен әкені жерге қаратқаннан басқа қайраны болмады.
- Жалаңаш денемен біз кімді таңғалдырмақпыз?
- Ашық жеңсіз жейделер мен қысқа юбкалар қыздардың абыройын қалай сақтамақ?
Қазіргі қыздар, бұрымды шашын жұлынды шашқа айналдырған.
Қиылған қара қастары көріксіз күйге енген.

- Ал жігіттерге сондай қыздар ұнайды ма? -- Жігіт ретінде сондай қызға қарайсың ба?
Оны өздерінен сұрап көрейік. (видео 1 )

Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та, ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздарымызда көп. Ия, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы өлең шумақтарының әр жолын жаныңда ұстағаның жөн, егер жақсы адам атанғың келсе, қызым:
- Ей, қыздар!
Ұшып қонып, жат қылыққа желікпе,
Өнегелі өскен жанға елікте.
Мода қуып боянғаннан түк шықпас,
Ми болмаса, не тұр дейсің көрікте.

Арақ пенен темекіге жуыма,
Желікпеңдер ішкіліктің буына.
Жын ойнаққа үйір болсаң опық жеп,
Алданарсың алаяқтың қуына.

Үйір болма мейрамхана, кафеге
Сау басыңды ұшыратар қатерге.
Өмір бойы өкінішпен өтерсің
Бір ұрынсаң түзелмейтін қатеге.

Көше кезіп жүрмеңдерші қаңғырып,
Естіледі қыз жүрген жер жаңғырып
Отырысқа күндіз кетіп үйіңнен,
Келіп жүрме қисалақтап таңға ұрып.

Өзің келіп жігіттерге ұрынба,
Елең етсең, атың шығар қырымға
Әзіл айтқан мас жастарға қадірің
Жауап қатпа, есің болса бұрылма.

Еске алыңдар бұл өмірдің сабағын,
Жетілдіріп ой - өрісін сананың.
Дұрыс, теріс жағын ойлап білсін деп,
Барлық қыздар сабағына саламын.
Болашақ ана атанатын қазіргі қазақ қыздары сәнді деп батысқа еліктеп барады. Кіндігінен төмен шалбар, қолдарында шылым, ашық - шашық көйлектер қазақ қызының ұстанатын стиліне айналған тәрізді. Кейінгі кезде ару қыздарға, әйелге тән нәзіктік пен ибалы қасиеттер де ұмытылып барады. Бүгінде бойжеткендердің жарым - жартылай жалаңаш, кіндіктерін жарқыратып жүре беруі етіміз үйреніп кеткен құбылысқа айналып барады.
Дегенмен, мұны сән деуге келе ме? Өйткені, сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды. Қазіргі күндегі қыздарымыздың үлкеннің бетіне қарсы сөйлеуі, сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл?
Сахналық көрініс: « Қыз тәрбиелеуде өкінген, Ана.»
ІІ – бөлім “ Бүгінгі қыз бала, ертеңгі болашақ ана ” Ашық алаң (шақырылған қонақтармен көрсетілген көріністер туралы пікірлерін ортаға салу. Сұрақ - жауап, сұхбат )
Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған қонақтар, ата - аналар, жаңа өзіміз тамашалаған көріністер туралы ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Сұрақ қонақтарға:
1. Әр ата - ана қызының иман жүзді болғанын қалайды, бірақ қазіргі заманда иманды жүзді қыз бала тәрбиелеуде қиындықтар бар, соны қалай жеңуге болады?
2. Жасөспірімдер арасында жасанды түсік жасату өте көп. Жасанды түсік жасатудың алдын - алу үшін ата - анаға қыздарға қандай кеңестер берер едіңіз? Түсік жасатудың адам денсаулығына тигізер кесірі қандай?

3. Сіздер қазіргі таңда сіздер ауылымыздың үлгілі деген отбасыларының бірісіздер.
Сұрақ: Өздеріңіздің қыз бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізден бөліссеңіздер?
4. Саулеш Сатыбалдықызы. Сіз «Әйелдер кеңесінің» төрайымысыз. Сіздің жұмыс барысыңызда аналар арасында қыз бала тәрбиесіне байланысты шағым немесе келеңсіз жайттар кездесті ма? Айтып берсеңіз.
Ой – пікірлеріңізге үлкен рахмет, кезекті әсем әнге берсек. Ортада «Жан Анам» әнімен Темірболатұлы Нұрлыбекті қошеметпен қарсы алайық.
Бүгінгі біздің кешімізге арнайы келген қонағымыз бар. Қыздарымыз ата - анасын тыңдамай қателіктерге ұрынып жатады, кейде өзінің жасаған қателіктерінен сабақ алып та жататындары бар.. Яғни өзінің жіберген қателіктерін кейінгі сіңлілеріміз қайталамаса екен, сол қателіктің алдын - алуға кішкене болса да қол ұшымды берсем деп келген жұмбақ кейіпкерімізге құлақ салайық.
ІІІ бөлім « Анаға қарап қыз өсер» (ата - ана, сынып жетекші, оқушылармен тренинг)
• Мақсаты: ата - ана мен қыз баланың арасындағы қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру.
• Қажетті құралдар; нақыл сөздер, ақ парақ, маркер.
• Тренинг барысы: психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады.)
• - Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келдіңіздер!
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін “қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ” адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса бүгінгі тренингіміз осы қарым - қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға үлкен мүмкіндік береді.
Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдармен таныстырып өтейін.
“Қазір және осы жерде ”; Теңдік және ынтымақтастық; Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек, сыртқа айтпау. Тренингке қатысушы белсенді болу керек; Серіктестігіңіздің жеке тұлғасын емес іс - әрекетін сынға алыңыз; Пікірлер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек.

1. “Қызықты сұрақтар ” ойыны:
жаттығу. “ Бір күні ”
жаттығу. “Уақыт ”
“Эмоция ” ойыны
Ой жинақтау.
« Тілек шамы» жаттығуы.
Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост) тарату.
1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10. Шалқайып жатуға
11. Тамақты обырлана асауға
12. Ұрлық қарлыққа
13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14. Бұраңдап қылмысуға
15. Қызыл іңірде жатуға
16. Түске дейін ұйықтауға
17. Кісі алдында киім ауыстыруға
18. Салт - дәстүрден аттауға
19. Елді ғайбаттауға
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21. Ішімдік пен шегімдікке
22. Ұрыс - керіске
23. Беттен алып, бет жыртысуға
24. Қараулыққа, ысырапқа
25. Рақымсыздық пен қатыгездікке
26. Түнде суға жалғыз баруға
27. Жат жыныстылармен араласып жатуға
28. Күйеуге қашып тиюге
29. Әдепсіз сөзге
30. Тарс - тұрс етуге
31. Адам мен жануарларды тебуге
32. Кісіні қорлап жәбірлеуге
33. Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34. Айғай сүреңге
35. Шектен тыс сыланып жасануға
36. Қызғаншақтық пен күншілдікке
37. Менмендік пен өзімшілдікке
38. Алдап – арбауға
39. Көрсеқызарлыққа
40. Нәпсі құмарлыққа тыйым

Ата – аналарға жадынама:
Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.
12 - 17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата - аналарға кеңес
• Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.
• Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.
Сырт келбеті өзгереді.
Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл - парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бой жетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет - әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз.

Әлеуметтік ортаға қарым - қатынасы өзгереді.
Жасөспірім үшін өзінің ересек замандастарымен қарым - қатынас жасау маңызды. Өзіне сенімді тұлғалар қоғамда өз орнын таба алады. Ал жұрттың ыңғайына жығылғыш, біреудің рөлін ойнап жүрген жастарды әдетте замандастары қабылдай қоймайды. Жасөспірімнің өтпелі кезеңінде ата - анасы баласын қолдап, оны сыйлап, жақсы көрсе балаға бұл жағымды әсер етері сөзсіз. Шешімталдық пен бір қалыптылық — ата - ананың маңызды қасиеттерінің бірі. Егер балаларымыздың мейрімді, туыстарын жақсы көретін а дам болып өсуін қаласақ, өзіміз де оларға мейіріммен қарап жақсы көргеніміз жөн. Ата - аналар баласының өз бетінше әрекетін құптап, оны қолдайтынын және сенім артатынын білдіріп отырғаны дұрыс.

Қорытынды:
Елбасымыздың: «Әйел - бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей - еліміз толық түзелмейді» деген сөздері ананың есінде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын.
Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл кешімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Енді осы кешімізге қатысып отырған қонақтарымыз өз ойларын қорытындылау үшін таңдалған бір ғана сөзді байланыстыра отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.
Сөздер: тәрбие, бақыт, сенім, ұлт, кітап, арман, байлық.

Қыздарға!
Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүлдермен,
Тербетілген ақ самалмен, күнменен
Абайлап жүр ерте үзуге тым ғұмыр,
Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа ботам өте нәзік жаныңды,
Аңқау болма, қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп кетпе жалынға.

Төтеп берсін дауылдарға желкенің
Сарқылмасын бал қылықты ертеңің
Күрес еркем, жаман аттан жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.
Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбайтын қыз бала тәрбиелеуде кеш қалмайық!
Бүгінгі кешімізге арнайы келген қонақтарымызға, ата - аналарға, көрермендерге үлкен рахметімізді айтамыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қыз әдепті болса, келін өнегелі болады

Қыз әдепті болса, келін өнегелі болады

Мақсаты: «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен...
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері: ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік,...
«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық»  атты ток – шоу

«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» атты ток – шоу

Мақсаты: 1. Оқушыларды ата - ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым...
Өмірдің гүлі, өмірдің нұры - өздерің!

Өмірдің гүлі, өмірдің нұры - өздерің!

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы, Ш. Жексенбаев атындағы ОЖББ мектеп – балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі...
Қыз қылығымен...

Қыз қылығымен...

Индира Садвакасова Тақырыбы: «Қыз қылығымен...» Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×