Сайтқа кіру Тіркелу

Көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№7 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Күншығарова Сәния Қапизуллақызы

Тақырыбы: Көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру; көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері туралы түсінік беру; баланы зейінді, епті болуға, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бағдаршам макеті, интерактивті тақта, рульдер, ала таяқ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
«Жол жүру ережелерінің білімпаздары» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын шығару. Оқушылар үш топқа бөлінеді: «Қызыл», «Сары», «Жасыл». Сұрақтар.
1. Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)
2. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. (жол)
3. Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүреді?
4. Автобуста келе жатқан адам.
5. Автобус пен трамвай тоқтайтын орын.
6. Жүруге рұқсат беретін бағдаршам көзі.
7. Көлік жүргізетін адам.
8. Дайындықты білдіретін бағдаршам көзі.
9. Жолаушы таситын көліктің бір түрі.
10. Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді.
11. Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
12. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
13. Көшеден өтіп бара жатқанда сені айқайлап шақырса не істеу керек?
14. Көшеден өтіп бара жатып сөйлесу несімен қауіпті?
15. Қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі? Қорыту.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:«Көшеде және жолда оқушылардың мінез - құлық ережелері». Көшеде және жолда өзімізді қалай ұстап, қандай ережелерді білу керектігін үйренеміз.
Оқушы: Менің үш көзім бар:
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап қалма маңайға» - дейді. Бұл не?
Оқушы: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Оқушы: Жол - қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, жер жолағы. Жол жүргін бөлігі көліктерге арналған, тротуар – жүргіншілерге арналған деп, екі бөлікке бөлінеді.
Оқушы: Жол жиегі – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп түру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп те атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз.
Оқушы: Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір автомобиль жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырады.

Оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Егер сен тротуармен жүріп келе жатқанда жол жөнекей шалшық, су шұңқыр немесе тағы басқа кедергі кездессе, оны тротуардан шықпай айналып өту керек. Тротуар үстінде ойнауға немесе жүгіруге болмайды.
Оқушы: Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді. Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
Топтық жұмыс
- Есек ненің үстімен жүгіріп ойнап жүр? Оның мінез - құлқы дұрыс па, бұрыс па? Неге? Сурет. Слайд
- Түлкі қай жолда ойнап жүр? Түлкінің мінез – құлқы дұрыс па, бұрыс па? Неге? Сурет
- Маймыл неден секірейін деп жатыр? Маймылдың мінез - құлқы дұрыс па, бұрыс па? Сурет
1 - топ Жақсы жақтарын айту.
2 - топ Жаман жақтарын айту.
3 - топ Қауіпті екенін дәлелдеу.

Ойын: «Жолаушылар мен жүргіншілер»
Үш оқушы бағдаршам рөлін атқарады. Ойынға барлығымыз қатысамыз.
Машиналарға: «жасыл» жанғанда жүреді.
Жолаушыларға: «қызыл» жанғанда тұрады.
Машиналарға: «қызыл» жанғанда тұрады.
Жолаушыларға: «жасыл» жанғанда жүреді.
Ойын: «Екі жарты бір бүтін»
Ойынның шарты: балалар, алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырасыздар, сонан кейін атап берулеріңіз керек.

Суреттер. Слайд

Мұсылмандық әдеп сабағы
Көшеде жүргенде алақтап, жан - жағыңызға қарай бермей, табан астыңызға назар аударыңыз. Асықпай, аптықпай, аяқты алшаң басып, сабырмен қозғалу керек.
Сөйлесіп тұрған адамдардың ортасын бұзып өту – ең жарамсыз мінез.
Оқушы: Жұмбақ: «Бұл кім?»
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған,
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Инспектор)
МАИ қызметкерлерінің тапсырмасы.
Есте сақта!
1. Жолға жетіп тоқта.
2. Жолдан өтпес бұрын сол жағыңа, сонан соң оң жағыңа және машина келіп қалар - ау деген жақтың бәріне қара.
3. Еген сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең ғана жолдан өтуге болады.
4. Жолдан өтіп шыққанша үнемі жан жағыңа қарап жүр, себебі, жолда жағдай өзгеріп қалуы мүмкін.
5. Жолды ешқашанда жүгіріп өтпе.
6. Өзің танымайтын, білмейтін жандардың машинасына отырма.
Қорытынды. – Көше деген не?
- Жол туралы не білдік?
- Тротуар деген не?
Ой қорыту.
Бәрі қосылып:
Жол тәртібін білейік
Аман - есен жүрейік.
Аман - есен жүрейік.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×