Сайтқа кіру Тіркелу

Күз - мереке, күз - береке

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, күздің ерекшеліктерін байқату. Күз келбетін шығармашылық жұмыстар арқылы сипаттауға үйрету. Сөздік қорларын байыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыстар, дамытушылық.
Сабақтың көрнекілігі: сызба – кестелер, жапырақтар, түсті қарындаштар, тірек сөздер, түсті қағаздар, желім, күз мезгіліне байланысты суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: Білер қазақ баласы
«Сәлем – сөздің анасы».
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
ІІ. Ой - шақыру. Суретпен жұмыс

Шарты: әрбір суреттің күз мезгіліне байланысты қатысын әңгімелей отырып айту.
• Табиғаттағы өзгерістер
• Күзгі ауа райы
• Күз байлығы
• Жануарлардың күзгі тіршілігі
• Құстар күзде не істейді?

ІІІ. Топтық жұмыстар

Оқушыларды түсті жапырақтар бойынша төрт топқа бөліп отырғызу:
І – топ. Сары жапырақтар – күз мезгілі туралы сурет салады.
Тақырыбы: «Алтын күз»

ІІ – топ. Қызғылт - сары жапырақтар – берілген сөйлем және сөйлемдерден мәтін құрастырып жазады.
1. Жапырақты, келді, сары, күз, салқын.
2. Бұзыла, ауа, бастады, райы.
3. Кейде, жауады, сіркіреп, жаңбыр.
4. Ағаш, сарғайып, жапырақтары, жатыр, түсіп.
5. Айналаның, өзгерді, сары, бәрі, далаға.
6. Халық, атайды, бұл, алтын, мезгілді, күз.

ІІІ – топ. Жасыл жапырақтар – жапсыру жұмысы арқылы "Күзгі отбасын" сипаттайды.
Тақырыбы: «Күзгі отбасы»
Шарты: түрлі жапырақ үлгілерін пайдаланып отбасылық суретті жасау.
IV – топ. Қызыл жапырақтар - мақал - мәтелдерді толықтырып жазады.
1. Нөсер алдында найзағай ойнайды.
2. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
3. Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
4. Әрнәрсе уақытымен қызықты.
5. Оқу инемен құдық қазғандай.
6. Еңбек етсең – ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

Керекті сөздер: етсең, жаңбыры, уақытымен, найзағай, қарның, қатқақ, құдық.

IV. Сергіту сәті
Қыс – құнар береді. ( қолын созады)
Көктем – дән себеді. (қолын кері созып қайта қайталайды)
Жаз – бастап өсірсе ( отырып – тұрады)
Күз – жинап береді. (қолын айналдырады)

V. Ой – толғаныс
Ойын: «Сиқырлы қорапша»
Шарты: жасырын түрде көрсетілген суретті оқушыларға сипаттап айтуы керек. Оқушылар суреттегі заттың атауын табу керек.

Сөздер: алма, асқабақ, қауын, бидай, мақта, күріш, т. б.
VI. Қорытындылау. Күз туралы тақпақтар айту
Сары алтындай сары күз
Қамбадағы дәніміз.
Шелек – шелек балымыз,
Ағыл – тегіл ағымыз.

Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.

Күзде жауын. Бұлт. Тұман.
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқыған,
Сапырады ауаны.

Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×