Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз - анасы сәлем

Сабақтың тақырыбы: Сөз анасы - сәлем
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.
2. Халықтың салт - дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру.
3. Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, рөльдік ойын, топтастыру, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі:
«Жақсы сөз - жарым ырыс».
«Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы».
«Сәлем - әдептіліктің белгісі».
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күні бармақты.
6. Оқушылар шығармашылығы (өздері салған суреттер, жазған шығармалары, өздері шығарған өлең шумақтары).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер?
- Бүгінгі тәрбие сағатымызға қонақтармыз да келген екен, ал ендеше әуелі амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бас иеміз, құрметпен,
Баршаңызға біз.
Мұғалім:
Ал, балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сөз анасы - сәлем» деп бекерден - бекер алынып отырған жоқ. Халықтық педагогика - халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы.
Бүгін біз ата дәстүріміз, оның ішінде ең адамға керектісі сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән - мағынасын жете ұғынуға талпынатын боламыз.
Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы бүгінгі тәрбие сабағынан үйрене алады екенбіз.
Алғашқы бөліміміз «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» деп аталады

1 оқушы: Қазақ жері - қонақжай төрлер жері.
Қазақ жері қос сақтай ерлер жері
Елі кедей болмаған - жері байтақ.
Едігедей, Бабырдай шерлер жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті.
Қазақ ері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті, киелі - қасиетті.
2 оқушы: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрпы.
Әнге толы қазағымның тірлігі.
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді сергітетін жыр гүлі
3 оқушы: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласа жетерміз
Ақ - қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім.
Азап жүріс, елін жаудан қорғап ерін.
Әділет пен бірлікке жанын қиған.
Әділ өткен билердің туған жері.

- Кәне, балалар, тақтаға қарап ондағы билерді атап жіберейікші.
- Қаз дауысты Қазыбек.
- Төле би.
- Әйтеке би.
Келесі бөліміміз «Сәлем әдептілік белгісі» деп аталады
4 - оқушы: Сәлем - әдептілік белгісі.

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.
Бақтияр: Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып тәуліктің үш мезгілінде де бір - бірімен ақжарқын амандасуға тиіс. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді. Не болмаса қол беріп амандасады.
Абзал; Сәлемдесудің түрлері.
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметте болыңыз!
- Аман - саусыз ба?
- Аман - сау болыңыз?
- Аман - есенсіз бе?
- Аман - есен болыңыз?
- Бала - шағаңыз, мал - жаныңыз аман ба?
Үй - ішіңіз аман ба, дені - қарныңыз сау ма?
әсіресе араб тілінен енген:
Ассалаумағалейкум!
- Уағалайкүмассалам! Қолданылуын түсіндіру
Санжар - Сәлем беруде кездесушілер бір - біріне «Сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.
Жақсы сөз жанға қуат - деп бекерге айтпаса керек ата - бабаларымыз. Келесі кезекті жан жадыратар нақыл сөздерге берсек

Марта:- Құрметті қонақтар, ұстаздар мен тыңдаушы оқушылар «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген сөз бар.
Арсен: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басып тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай, үлкен адамдар өздері келіп сәлем береді.
Сіздерді қазір Абзал мен Әбдірахманның орындауындағы мақал - мәтел айтысын тыңдауға шақырамыз.
Абзал
- Ассалаумағалейкум!
«Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем береді»- демекші қалыңыз қалай?
Әбдірахман.
- «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады»- деуші еді, келіңіз төрге шығыңыз қонақ болып кетіңіз.
Абзал.
- «Қонағын сыйласа, төрге шық»- дегендей төрге шығайын.
Әбдірахман.
-«Жат асына қарайды, дос басына қарайды»,- деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
Абзал.
- Ойбай - ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын».
Әбдірахман.
- «Досыңның тамағын қасыңдай іш»,- демекші ала отырыңыз.
Абзал.
- Ой рахмет! «досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»,- демекші, алла риза болсын.
Әбдірахман
«Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше»,- осылай таныс - біліс болу да ғанибет қой, ата.
Абзал
- «Мыңның түсіні танығанша, бірдің атын біл»,- есіміңіз кім болады?
Әбдірахман.
- Есімім - Әбдірахман «Көрген жерде ауыл бар деп»,- дегендей келіп тұрыңыз.
Абзал
-«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ»,- қой қайтайын
Әбдірахман
- «Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал»,- демекші, жолыңыз болсын атай.
Абзал.
- «Таз таранғанша той тарқар»,- қайтайын.
Әбдірахман - «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болын»,- дегендей, келіп тұрыңыз.
- Балалар, сендер де шаршаған шығарсыңдар. Келесі кезегімізді ауылдың алты ауызы ретінде ән - мен күйге берсек..
Би: Қаражорға
Ән: «Бақытты біздер баламыз»
- Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін!
- Сәлемдесу әдептіліктің белгісі. Адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай сәлемдесу әдебі түрліше болып келеді. Келесі кезегімізді «Сәлем беру мәдениеттілік белгісі» бөліміне берейік
Ердәулет: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен кішіге байланысты емес. Халқымыздың ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені - жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу - ата дәстүріміз. Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.
І Көрініс
Қария пен жас жігіттің сәлемдесу рәсімінен көрініс, тамашалаңыздар
Нұржігіт: Ассалаумағалейкум, ата!
Әділет: Уағалейкумассалам, балам!
Нұржігіт: Дені - қарныңыз сау ма, аман - есенсіз бе?
Әділет: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.
Нұржігіт: Бала - шағаңыз есен - сау ма?
Әділет: Тегіс аман - есен өсіп - өніп жатыр.
Нұржігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба?
Әділет: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.

ІІ Көрініс
Әже мен қыз бала болып киінген екі оқушы. Әже мен қыз баланың сәлемдесу рәсімі
- Армысыз әже?
- Бар бол, балам!
- Үй - іші, бала - шағаңыз аман ба?
- Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман - есен.
- Ылайым жақсы болсын.
- Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

Бақтияр: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру амандық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалаптасқан дәстүр. Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айырықша құрметтеп сәлем беретін болған.

Әбдірахман: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып (көрісіп) құшақтасып амандасады.(Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу тәсілдері бар).

- Ал, балалар тәрбие сағатымыздың басында біздерге қонақтар келгенін айтқан болатынмын. Қонақтарымыздың арасында аудандық «Биші балапан» байқауының жүлдегерлері, мектебіміздің биші қыздары да бар екен. Сол қыздарымыздан «қонақ кәде» жоралғысын сұрасақ.
- Рахмет, балалар! Тілектеріңді орындауға әзірміз. Сіздерге «кәріс» халқының биін орындап берейік
- Рахмет, сіздерге!
- Балалар, сіздерге тәрбие сағатымыздың болатындығын хабарлаған кезде, өздеріне сәлемдесу әдебіне байланысты өлеңдер, мақал - мәтелдер, әңгімелер жазып, суреттер салып келуді тапсырған болатынмын. Келесі кезегімізді сол жұмыстарымызды қорғауға арнамақпыз. «Жақсы сөз - жарым ырыс»- бөліміне де келіп жеттік.

2. «Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы».
«Сәлем - әдептіліктің белгісі».
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты - ардақты
Әрбір сөзі - салмақты
Бәрекелді, балалар, жарадыңдар!
1. Ой толғау
Марта:
Амандасу - әдептілік белгісі
Амандаса білу арқылы адамның мәдениетін, тәрбиесін көруімізге болады. Үлкенді сыйлау, кішіні қамқорлау ата - бабамыздан келе жатқан өнегеміз...
2. Арсен:
Көрінген өзіңнен жасы үлкен адамға сәлем беру мәдениеттіліктің, көргенділіктің белгісі. Халқымыздың амандасу мәдениетінде қаншама тәлім - тәрбие жатыр. Күнделікті кездескен кезде “Қайырлы күн!”, “Қайырлы түн!”, “Көріскенше күн жақсы болсын!” деген сөздерді айтуды әдетке айналдырсақ бір - бірімізге қуаныш, шаттық сыйлаған болар едік...
- Жарайсыңдар, балалар! Ниеттеріңе рахмет.
Қорытынды:
- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың сіздерге берер өнегесі мен тәлімі мол болды деп ойлаймын. Олай болса балалар, Бүгінгі тәрбие сағатымызда не үйрендік? - деген сауалға топтастыру әдісін ұйымдастыра қояйық

Шаттық шеңбері. Күн бейнесіне тағылған таспаларды кезектесе алып өлең жолдарын айтады.
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кенейсін тарылмасын.
Жиі - жиі бас қосып сыр шертсек,
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Күніміз күлкі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін.
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,

Адалдықты сүюді үйренейік
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып күйге енейік.
Осымен тәрбие сағатымыз шарықтау шегіне жетті. Бүгінгі үйренген, естіген өнегелі сөздеріңізден үлгі алып өсе бер жас ұлан!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×