Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім».
Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой - өрісін, дамыту, мәнерлеп оқуға, машықтандырып жетілдіру. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемегендігін ұғындыру.
Көрнегілігі: ақын - жазушылардың нақыл сөздері
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті, балалар! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі» - деп, Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады. Оқушылар ортаға шығады. Бір - біріне тілек тілейді.
1 - оқушы:
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2 - оқушы:
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3 - оқушы:
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

4 - оқушы:
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
5 - оқушы:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.

6 - оқушы:
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
7 - оқушы:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

8 - оқушы:
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.

9 - оқушы:
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!

Мұғалім: Мерекеміздің 1 - кезеңі «Білгенге маржан» (Грамматикалық сұрақтар).
Оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылады.
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)
2. Неше дауысты дыбыс бар? (9)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. (е, і, ө, ү)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3)
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а, о, ы, о, у)
6. Қазақ тілі сабағында біз қай тілде сөйлесеміз?
7. Жыл мезгілдерін ата.
8. Бір жылда неше ай бар?
9. Қазақша апта күндерін ата.
2 - кезең: Музыкалық үзіліс.
3 - кезең: «Кім көп біледі?» мақал - мәтелдер сайысы.
Тіл туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту.
1. Жылы сөз жан... (жібітер).
2. Өнер алды... (қызыл тіл).
3. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
4.... (тіл) қылыштан өткір.
5. Бас кеспек болса да,... (тіл) кеспек жоқ.
4 - кезең: «Ойлан, тап» («Қазақстандықтар» сөзінен басқа сөздер құрау керек)
9 - оқушы:
Ана тілі - асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлап.
Азаматы бар ел деп - бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».
Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген, Б. Момышұлы атамыз. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір - бірімізбен қазақша сөйлесейік.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету