Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл оқушысы - 2015

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима

“Жыл оқушысы - 2015"
Сайыстың мақсаты:
Жыл қорытындысы бойынша әр сыныптардан белсенді, лидерлік қаблеті мен қоса білім де жетістіктері бар оқушыларды анықтау;
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Ұжымның намысын қорғай білетін және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу;

Сайыстың шарттары
1. Өзін - өзі таныстыру (5 мин)
2. “Өзім туралы...”(3 мин)
3. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” (1 минутта - 10 сұраққа)
4. “Өнерлі өрге жүзер” (3 мин. Өз өнерін ортаға салу)
5. Білімді мыңды жығар. Сұрақ - жауап - әр пәннен 2 сұрақтан
6. Портфолио (Оқушы жетістіктері)

I кезең
“Мен Қазақстанның жарқын болашағымын”
(Өлең жолдарымен немесе презентация түрінде 5 минут ішінде өзін таныстыру )
II кезең
3 минут ішінде сайысқа қатысушылардың оқушылар мен мұғалімдер, ата - аналармен бірлескен көрінісі
III кезең
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру

8 «А» сынып
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
3. Теңізде қандай тастар табылмады?
4. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады?
8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
9. Неліктен су отты сөндіреді?
10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма?

8 «Ә»сынып
1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді.
2. Отқа жанбас суға батпас
3. Жылт - жылт етеді, жылғадан өтеді.
4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.
5. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге?
6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене
7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды
8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге?
9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар.
10. Көк лағым көген сүйреді.

9 «А»сынып
1."Көксерек" әңгімесіндегі басты кейіпкер
2. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
3. Бір жылда неше күн бар?
4. Қазақтар бала туылғанда қандай той жасайды?
5. 1961ж12сәуірде алғаш ғарышқа ұшқан кім?
6. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?/
7."Мұғалім" сөзінің синонимі
8."Үлкен" сөзінің антонимі
9. Қазақ тілінде неше септік бар?
10."Кел, балалар, оқылық!"өлеңінің авторы: Ы. Алтынсарин

9 «Ә» сынып
• Жіктік жалғаудың неше жағы бар?
2. Қазақ халқының белгілі әншісі Күләш...
3. Қазақтың жаңа жылы
4. Бурабай көлі қай облыста
5. Ата Заң қашан қабылданды?
6. Жылқы, түйе, қой, ешкі бір сөзбен қалай аталады?
7. Бие сүтінен не әзірленеді?
8. Түйе сүті
9. Айранды ненің сүтінен әзірлейді?
10."Қазақфильм" киностудиясы кімнің атында?

10 «А» сынып
1. Биология ғылымы нені зерттейді?
2. Жасушаны зерттейтін ғылым?
3. Ауаның құрамындағы тыныс алуға жарамды газ?
4. Жер астынан фонтанша атқылайтын су?
5. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
6. Атақты қазақ күйшісі?
7. Ұя салмайтын құс
8. Ата Заңымызда қанша бөлім, қанша бап бар?
9. Оян, қазақ! өлеңінің авторы
10. Ең үлкен уақыт өлшемі

10 «Ә»- сынып
1. Омонимдер дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар, атап шық.
3. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
4. Қазақстанның жер көлемі қанша?
5. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында?
6. Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында жатқан шөл?
7.. Ең кіші материк
8. Жарақаттанған дене бөлігінің қайта қалпына келуін не деп атайды?
9. Нейрон дегеніміз не?
10. Алманың жерге түсіп бара жатқанын көрген ғалым, қандай заңды ашты?

IV – кезең «Өнерлі өрге жүзер»
V – кезең «Білімді мыңды жығар»
Қазақ тілі, тарих, математика, география, физика, химия пәндерінен берілген сұрақтарға жауап беру керек. Әр пәннен 2 сұрақ беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×