Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сыңғырла соңғы қоңырау

Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын

Сыңғырла соңғы қоңырау
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн мектеп бітіруші түлектер, мектеп шәкірттері.
1 - жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн! 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

I - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
IІ - жүргізуші
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 11 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
І - жүргізуші
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
2 - жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Қауым, қол соғып, қолда бүкіл.
1 - жүргізуші
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 81 - ші түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық!
2 - жүргізуші Осы сыныптың ыстығына күйіп, суығына тоңған сынып жетекшісі Кадина Анар Алиқызын және түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар! --------------------------------------------------
1 - жүргізуші 2014 - 2015 оқу жылының «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға руқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
1 - жүргізуші Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн
2 - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
1 - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн
2 - жүргізуші:: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
1 - жүргізуші Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
2 - жүргізуші:: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
1 – жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
2 - жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
1 – жүргізуш: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
2 - ж: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебімен
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету