Сайтқа кіру Тіркелу

"Жезқазған менің жүрегімде" атты таңғажайып алаңы

Ғажайып алаң « Жезқазған менің жүрегімде!»
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, қонақтар және білім құштар оқушылар!
Бүгінгі қаламыздың 60 жылдығына орай мектебімізде өткізіліп отырған «Бақытымның бастауысың - Жезқазған» атты ашық есік күні аясында 6 сыныптар арасында ата - ана мен баланың қатысуымен өткізіліп отырған «Жезқазған менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңына қош келдіңіздер!
Қазақ туған елін, жерін алтын бесігім деп, дүниедегі байлық атаулының бәрінен де жоғары бағалаған, елін адал перзенттік ыстық жүрекпен сүйген, жырақта жүрсе туған жердің топырағын бір иіскеуді, кең жазира төсінде белін шешіп, армансыз бір аунауды аңсайтын халық.
Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол, анам еді мені тапқан! –
деп туған жердің өзінің адал перзенті үшін қаншалықты қымбат, қандай ыстық екендігін ақын Мағжан Жұмабаевтың осы бір шумақ өлеңінен аңғарамыз.
Олай болса туған жеріміз Жезқазған қаламызға шын патриоты екенімізді сөзбен ғана емес, тындырымды ісімізбен, еселі еңбегімізбен көрсетейік.
Ал енді құрметті қонақтар! Бүгінгі ойынның жүргізушілері: Асель Есенгелдіқызы және Айгүл
Және көмекші қыздар: Нұрай, Ләззат, Аделия, Еркеназ.
«Жезқазған менің жүрегімде!» атты таңғажайып ойынын бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейін. Бүгінгі ойын ерекшелігі қазақи ұлттық құндылығының бірі қоржынын пайдаланамыз. Бұл жай қоржын емес, таңғажайып қоржын. Қоржынның ішінен асық аламыз. Әр асықта ұпай саны, банкрот, жұлдызша – қалаған әріпті ашу, телефон – досыңызға звондаңыз, көрермен зал – залдан көмек сұрау белгілері кездеседі.
Ал ойыншылар айтылған әріптерді жазып, сызып отырасыздар.
Ендеше бірінші айналымның ойыншыларын ортаға шақырайық
Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
«Жезқазған менің жүрегімде!» атты таңғажайып ойынының тақырыбы туған қаламыз Жезқазғанның тарихына байланысты.
1. Бірінші тапсырма.
Жезқазғанның іргесі 1936 жылы қаланып, Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылады. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» деп атаған делінген.
Сұрақ: Жезқазғанның арғы аты қандай болған? (Ақжал)
Сәттілік тілеймін.
Бірінші ойынның жеңімпазы
Бүгінгі мерекелік таңғажайып алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)
ІІ Ортаға екінші айналымның ойыншыларын шақырайық.
Енді өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
2. Екінші тапсырма.
Қала маңында (Ұлытау төңірегін қоса алғанда) мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Жезқазған аймағында жусанның 30 түрі кездеседі екен. Флора құрамында 100 - ден аса құнарлы жем - шөптік, 50 - ге жуық дәрілік, тағамдық, сәнді - декоративтік өсімдіктердің түрі бар. Қала маңында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сирек кездесетін өсімдіктердің түрлері бар.
Сұрақ: Соның ішінде қызғалдақтың қай түрі қызыл кітапқа енгізілген? («Альберт қызғалдағы»)
Сәттілік тілеймін.
Екінші ойынның жеңімпазы -
Бүгінгі мерекелік таңғажайып алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)
ІІІ. Ортаға үшінші айналымның ойыншыларын шақырайық
3. Үшінші тапсырма.
Жезқазған жерінің жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200 түрі, балықтың 20 түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сирек кездесетін жануарларды да осы даладан ұшыратасыз.
Сұрақ: Соның ішінде тырнаның қай түрі қызыл кітапқа енген?
(ақбас тырна «орысша журавль - красавка»)
Сәттілік тілеймін.
Үшінші ойынның жеңімпазы - ……………………………..
Бүгінгі мерекелік таңғажайып алаңнан сіздерге сыйлық ұсынылады.
(қыздар сыйлықтар таратады)
Музыкалық үзіліс.
Супер ойын
Үш ойынның жеңімпаздарын ортаға шақырамыз.
4. Супер ойынның тапсырмасы.
Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 2009 жылғы мәліметке сүйенсек жері 140 млн м³ тақырланған, ал бұл жер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. 2014 жылғы есеп бойынша қала тұрғындарының саны 84 699. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырдан асқан қала.

Сұрақ: Қазақстанның қай қаласы туралы айтылып тұр? (Жезқазған)

«Жезқазған менің жүрегімде!» атты таңғажайып ойынының жеңімпазы анықталынды. Құттықтаймыз!
Жүргізуші:
Жезді бойы жез қалам,
Жер түбінен жезді алам.
Алтын қалам, кең далам,
Жеқазғаннан айналам!
Олай болса, туған қаламыз Жезқазғанды тағы да туған күнімен құттықтап, бүгінгі «Жезқазған менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңын көріп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет айтамыз.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Таңғажайып алаң

Таңғажайып алаң

Балапан балабақшасында өткізілгелі отырған «Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы» атты мерекелік шоуымызға, аяулы бүлдіршіндеріміздің ардақты ата...
Қазақстанның ірі қалалары

Қазақстанның ірі қалалары

Қазақстанның ірі қалалары және жергілікті қала туралы мағлұмат беру, Мәтін мазмұнын аша отырып, қаладағы мәдени орындармен таныстыру....
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

Мақсаты: Оқушыларға туған қалалары жайлы мағлұмат беру, туған қаласындағы көрнекі орындар мен ескерткіштермен таныстыру. Оқушылардың туған қаласына...
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...
Менің сүйікті Жезқазғаным!

Менің сүйікті Жезқазғаным!

«Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Өткізген: Керимкулова М. Б...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×