Сайтқа кіру Тіркелу

Қосжар - қасиетті мекенім

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Қосжар – қасиетті мекенім
Мақсаты: Туған өлке тарихымен таныстыру, патриоттыққа баулу

Мұғалім: Қосжар ауылдық округі – Арал ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосжар ауылы кіреді. Тұрғыны 0, 4 мың адам. Орталығы – Қосжар ауылы. 1890 жылы ең алғаш адамдар көл жағасына орналаса бастаған, үй сала бастаған. Ал, 1904 жылы Мәскеуден адамдар келіп, балық аулаған. Кейіннен адамдар көбейіп, ауылға айналды. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қосжарға арнайы келіп, ақ киіз үй көл бетіне тігілген. Қосжарда балық питомнигі, 11 жылдық мектеп, кітапхана, емхана, клуб бар. Олай болса, туған өлкенің тарихымен тереңірек танысу үшін бүгінгі тәрбие сағатымызды Қосжарға арнап отырмыз!
Маргарита: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Әлішер: Бүгін сіздер «Қосжар қасиетті мекенім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Маргарита: Иә, достар! Бүгін біз кіндік қанымыз тамған жеріміз, қасиетті туған өлке Қосжар тарихымен таныспақпыз!
Әлішер: Қосжар арқа сүйер тірегімдей,
Көңілі, құшағы ыстық күн еліндей
Қос жарымыз қол созады бір - біріне
Табысқан ғашықтардың жүрегіндей!
Маргарита: Олай болса, ортаға «Туған жер» әнімен Дауылбаева Асылзатты шақырайық!
Әлішер: «Кемелденген Қосжарым» атты туған өлкенің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін арнайы (презентацияны) жобаны көруге шақырамыз!
Маргарита: Сонымен, сіздерге қояр сауалдарымыз бар, оған сай сыйлықтарымыз бар! Дайын болсаңыздар бастайық!

1. Ауылдың «Қосжар» деп аталу себебі неде?
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаев ауылымызға қашан келді?
3. Балықшылар күні қай мезгілде тойланады?
4. Қосжарға адамдар ең алғашында қай жылдары қоныстана бастады?
5. Қамбар батыр жыры мен Қосжар арасында қандай байланыс бар?

Мұғалім: Балалар бізде бүгін қонақта балық питомнигінің басшысы келіп отыр. Сұрақ қойсаңыздар болады.
1 оқушы: Питомникте қандай және қанша балық түрлері бар немесе өсіріледі?
Нұрғабыл Құланов, «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру питомнигінің директоры:

Еліміздің экономикасының көтерілгені болуы керек, соңғы 3 жылда 14 миллион 800 мыңға жетіп отыр. Оған дейін 12 миллион болған, одан да төмен уақыттар болды. Алғашында Арал теңізінің тұзды ортасына тек камбала балығы шыдас берді. Қазір мұнда балықтың 22 түрі бар. 2000 жылдың басында теңізден аулайтын балық көлемі жылына 500 тонна ғана болса, бүгін 5 мың тоннаға жетіп отыр. Ғалымдар питомниктің мамандарымен бірлесе отырып, енді Қызыл кітапқа енген су маржандарының құнды түрлерін жандандыруға кірісті.

2 оқушы: Арал теңізі жайлы не айтасыз?
Нұрғабыл Құланов, «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру питомнигінің директоры: Арал теңізі біртіндеп қалпына келіп жатыр. Қазір теңіз Арал қаласынан 18 шақырым жерде ғана. Ғалымдар мен мамандар кезінде құрдымға кеткен балықтың құнды түрлерін қайта жаңғыртып, жергілікті су қоймаларына жіберу жөнінде жоба дайындауда. Әзірге балық қоры ақ амур, дөңмандай шабақтарымен толықтырылуда. Қосжар ауылы тұрғындарының 90 пайызы балықшылар әулетінен. Олар берекелі жылдарды да Арал теңізінің тартылып, балық қорының жоғалуын да көзбен көрді. Жергілікті питомник арқасында балық кәсібі қиындықтан аман қалды. Ал, бүгінде балықшылардың әр күні ырысты.
3 - оқушы: Қосжар туралы не айтасыз?
Мәди Әбдікеров, ауыл әкімі: Қосжар ауылдық округі болып 2004 жылы 9 желтоқсанда аудандық мәслихаттың №70 шешімі және аудан әкімиятының №248 қаулысы негізінде жаңадан құрылды. Қосжар ауылында 500 ден аса адам тұрады. 100 ден аса үйлер бар. Бұл ауылымыздың өскенін байқатады. Питомникте 80 - нен астам ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Питомник біздің мақтанышымыз!
Маргарита: Рахмет, құрметті қонақтар! Достар, бәріміз бірге «Қосжар жастары» әнін бірге шырқасақ қала қарайсыңдар? Олай болса, Әлішер, баста!
Әлішер: Қасиетті Қосжар туралы көптеген мәлімет алды деп ойлаймыз. Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын балық туралы жұмбақ

Алтын балық туралы жұмбақ

Бір балықшы балық аулауға көлге барып, алтын балық ұстап алады. Алтын балық әдеттегідей емес, тек бір тілегін орындайтынын айтады....
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....
Каспийдің тірі маржандары

Каспийдің тірі маржандары

Маңғыстау облысы, Жаңаозен қаласы, Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы...
Алтын балық сыйлықтары

Алтын балық сыйлықтары

Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...
Семей полигоны

Семей полигоны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×