Сайтқа кіру Тіркелу

Бір ел – бір халық – бір тағдыр

Тақырыбы: «Бір ел – бір халық – бір тағдыр»

Мақсаты:
1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер, интерактивті тақта, слайттар.

Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- 14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?

- Иә, балалар, Жолдауын арнады.

Мұғалім сөзі. Ал енді балалар елбасымыз елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт - бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.

Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды деген болатын..

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

Елбасы сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.

Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Ал, балалар сіздерге бүгінгі тақырыбымыздың негізі ретінде бірнеше сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ары қарай аша түсейік.

1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.

1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор қаласы,
1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.

2. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3. Тудың авторын атаңыз.
4. Елтаңбаның авторы кім?

5. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

6. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30тамызда, 16 жыл)
9. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10. Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян - қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып - тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"...
Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...
Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...
Бір халық – бір ел бір тағдыр

Бір халық – бір ел бір тағдыр

Сабақтың мақсаты: білімділік 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи...
Бір ел, бір халық, бір тағдыр (1 сынып)

Бір ел, бір халық, бір тағдыр (1 сынып)

Бір халық – бір ел – бір тағдыр № 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×