Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім».
Сабақтың мақсаты:: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу; Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.
Өтілу барысы: - Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім.» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздікті қашан, қай күні алдық?
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.
Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл - әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.
Себептер:
1. Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі.
2. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1 - хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК - нің 1 - хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
«Желтоқсан желі» бейнесюжет
Ендеше, осы арадан біздер желтоқсан оқиғасы туралы бейне сюжетке көз салайық.
Мұғалім: Ғасырлар бойғы езгіге қарсы тұрған қазақ халқы Мәскеудің өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып бара жатқан тілі мен дінінің, ұлттық болмысының сақталуына жүрек бұлқынысын білдірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толды. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен полиция қызметкерлері қарсы қойылды.

Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ләззат, Ербол Сәбира сынды жаңа ғана есейіп келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірі көктей солды. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан жазықсыз құрбандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз әрдайым жігіттердің жүректі үніне, қыздардың ел намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
1 минут үнсіздік жарияланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×