Сайтқа кіру Тіркелу

Нашақорлық - ғасыр дерті

Тәрбие сағатының тақырыбы: Нашақорлық - ғасыр дерті

Мақсаты: Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Шақырылғандар: мектеп медбикесі, мектеп инспекторы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, әңгімелесу, кері байланыс, суретпен жұмыс, үй тапсырмасы т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқушылардың салған суреттері, кітап - журналдар көрмесі, доп, бейнебаян.
I. Кіріспе
Мұғалім: - Саламатсыздар ма, құрметті оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары! 19 - қараша бүкіл дүниежүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты 8 «Д» сыныбының «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағатын ұсынып отырмыз. Адам өмірі әрқашанда қымбат. Ал адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.
Ал зиянды әрекеттерге, зиянды заттарға не жатады?
Оқушылар: - Шылымқорлық, ішімдік, темекі шегу, нашақорлық, насыбай ату т. б.
Мұғалім: - Бүгінгі сабағымызда біз осы зиянды әрекеттер туралы, соның ішінде есірткі туралы әңгіме қозғап, одан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Осы жиынға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:
II. Ой қозғау:
Есірткіні күнделікті өмірде өздеріне серік етіп жүрген адамдар туралы бейнебаянға (видеоролик «Нашақорлық») назар аударайық.

Мұғалім: Оқушылар, бұл бейнебаяннан не көріп отырмыз? Ойларымызды ортаға салайық. (Оқушылар үйден осы сұрақтарға алдын - ала дайындалып келеді)
1. Есірткі дегеніміз не?
2. Есірткінің қандай түрлері бар?
3. Есірткінің адам организіміне әсері қандай?
4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?
5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады?
6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Осы сұрақтар бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салады.
1) Есірткі дегеніміз не?» (Ернар)
- Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру дегенді білдіреді.
- Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті. Және адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.
2) Есірткінің қандай түрлері бар? (Мадина)
1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын өнімдеріне морфин, кофеин, метадон, көкнәр және т. б. заттар жатады.
- Сора өнімдері: гашиш, анаша, марихуана және т. б
- Қолдан жасалған эфедрин, фентози тәрізді дәрі, дәрмектер және т. б.
- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар ( бензин, бензол, толуол және т. б оларды көбінесе иіскейді).
Адам организміне ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі – анаша. Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.
3) Есірткі қолданудың қандай жолдары бар? (Ақерке)
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы миға тез жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.) Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей бастайды.
4) Есірткінің адам организміне әсері қандай? (Нұркен)
Адам организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.
Есірткі анда - санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ - қолдарының сіңірі оқтын - оқтын құрысады. Оны мына бейнебаяннан көре аламыз. «Нашақорлық – тұңғиық түбі»

Камила: Сонымен бірге тері жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.
Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,. Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын әлсіз болып қалады.
5) Есірткіге құмарлық дегеніміз не? (Арайлым)
Есірткі дертіне шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін - өзі билей алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде бөлектеніп тұрады.
Есірткі алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат жасаған сезімге беріледі. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден тайынбайды. Өйткені ол есірткінің құлына айналады.
6) Нашақорлар қандай жолмен ақша табады? (Жомарт)
Есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500 теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады.
Амина:
1. Олар алдымен достарынан, туған - туыстарынан, әке - шешесінен қарыз алады.
2. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады.
3. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі.
4. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі.
8) Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген:
- білікті медициналық - санитарлық көмек алуға;
- наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
- өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуы туралы ақпарат алуға.

III. Пікір алмасу. Қонақтарға сөз.
Мұғалім:- Рахмет, оқушылар. Есірткі жөнінде көп мағлұмат айттыңыздар.
Енді қонақтарымыз өз пікірлерімен бөліссін. Мектеп медбикесі мен мектеп инспекторы нашақорлық жөнінде қысқаша айтып өтеді.

Оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріледі.
1 - сұрақ: Есірткі пайдаланған адам емделе ала ма?
2 - сұрақ: Психотропты заттар дегеніміз не?
3 - сұрақ: Балара неше жастан бастап нашақорлықпен айналысуы мүмкін?
4 - сұрақ: Есірткі пайдаланғанда адам қайтыс болуы мүмкін бе?
5 - сұрақ: Ақтау қаласында есірткімен айналысатын немесе оларды сататын адамдар бар ма?
6 - сұрақ: Заң алдында есірткі өсіретін адамдар қалай жазаланады?
7 - сұрақ: Есірткі пайдаланған адамды қалай байқауға болады? Сау адамнан қалай ажыратуға болады?
8 - сұрақ: Ақтау қаласындағы нашақорлықпен айналысқан адамдарды емдейтін емханалар бар ма?

IV. Кері байланыс. «Суреттер сөйлейді»
Мұғалім: - Балалар, сіздер үй тапсырмасы бойынша салауатты өмір салтына байланысты суреттер салып келдіңіздер. Сол суреттеріңіз туралы өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.(Оқушылар өздері салып келген суреттер жөнінде әңгімелейді.)

Сурет көрмесімен таныстыру.
Мұғалім: Мектептің кітапханасында «Нашақорлық - ғасыр індеті» атты бұрыш ұйымдастырылған. Жыл сайын Республика баспаларынан түрлі ақпараттық - публицистикалық газет - журналдар шығады. Солармен таныс болыңыздар: «Наркопост», «Есірткісіз болашақ», «ҚР мектептеріндегі зиянды заттарды қолданудың алдын алу», т. б. Сабақ соңынан осы көрмемен жақынырақ таныссаңыз болады.

V. Рефлексия: «Шаттық шеңбері»
- Балалар, менің қолымдағы доп ненің белгісі деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ол - спорттың белгісі. Ал спорт – денсаулық кепілі. Біз осы доп арқылы салауатты өмір салтын ұстанатынымызды көрсетіп, бір - бірімізге жақсы тілек тілейік.(оқушылар бір - біріне допты беру арқылы бір - бір тілек айтады)

VI. Қорытынды.
Мұғалім:
- Ия, оқушылар. Бүгінгі көріп отырғанымыздай нашақорлық - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Ата - аналар және сіздер мен біздер, әрбір Қазақстан азаматы біріге күресуіміз керек.
Олай болса, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, жоғары көтеріп, бүгінгі сабағымыздың ұранын айтып жіберейік:
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
«Біз нашақорлыққа ЖОҚ дейміз!»
- Барлығыңызға, келген қонақтарға үлкен рахметімізді айта отырып, тәрбие сағатын жабық деп жариялаймын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×