Сайтқа кіру Тіркелу

Тәрбие туралы көзқарасым

«Тәрбие туралы көзқарасым»
Бала өз өміріне қажетті тәрбиені отбасынан, сосын мектептен алатыны белгілі. Әр баланың бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту – біздің, яғни, мұғалімдердің міндеті. Біздің мамандығымыздың өзі - болашақ үшін қызмет емес пе?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің алдындағы стратегиялық міндет таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарға ұстауға тиіспіз» - деген үндеуі бәрімізге белгілі.
Сондай - ақ, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани баюына жеткізу тиіс екенін түсіну деп Елбасымыз айтып өткендей ұлттық рухани байлығымызды жоғалтпай әрдайым, әр ұлт өз ұрпақтарын өзіндік ұлттық нақышта тәрбиелеу үлкен жетістіктердің көрінісі деп атап көрсеткім келеді.
Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың (наркомания, жезөкшелік, тастанды балалар, қатыгездік т. б.) орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады. Осы өзекті мәселенің шешу үшін ұлттық тәрбиеге бет бұру керек.
Егеменді еліміздің ертеңі жастарға жүйелі білім, тәлімді - тәрбие беруде халық педагогикасының мән - маңызы күн өткен сайын артып келеді.
Еліміздің әр жерінде халық мұрасына, әсіресе, ұлтымыздың салт - дәстүрлеріне деген бетбұрыс, ондағы өзіндік ерекшеліктері жас ұрпақ тәрбиесіне лайық жүргізу, сол арқылы шәкірттерді адамгершілік – шыншылдыққа баулу, әдеп - ізетке үйрету секілді сипаттар мектепте кеңінен өріс алып келеді.
Асылы, халықтық педагогика – даналық мектебі. Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты: ата - бабаларымыздың мұрасы негізінде жас ұрпақты адамгершілікке ұлтжандылыққа, адал еңбек, әсемдікке, әдемілікке, Отанның намысын қорғау сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Әрбір оқушының ұлттық санасы, рухы, ұлттық білім, тәрбие беру арқылы дамытылады. Халықтық педагогика келешегі зор, кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен, билерден, сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Тәрбие тамыры халық қазынасында, соның қадір - қасиеті мен білім болмысында. Ұлттық тәрбиеге жан - жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн сияқты.
Қай ұлттың баласы болсын оның бір - бірінен айырмашылығы жоқ. Ал ешбір ұлт баласын жамандыққа тәрбиелемейді. Барлық халық ізгілікке, жақсылыққа, елін, тілін сүюге, барлық азаматтық тәрбиеге тірек болатын ел құнды адамгершілік қасиеттерді ұрпақ бойына сіңдіруді көздейді. Ұлттық салт - дәстүрлердің, әдет - ғұрыптардың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, әдемілік бәрі - бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы адамгершілікке толы үлгі - өнегелер.
Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілділігі, көпшілдігі, дос көңілділігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Иманды адам айналасындағыларға тек жақсылық ойлайды, оларға қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге ізетпен, инабатпен қарайды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі – ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Тәрбиенің осы бір сан салалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім ордасы – мектеп.
Жас ұрпақты тәрбиелеуші ретінде ойға түйгенім, адамды тәрбиелеу үшін тәрбиеленушіні барлық жағынан білуі. Жан дүниесін зерттеу шарт екен. Ұлы педагог С. Ушинский «Оқушыларға жан - жақты тәрбие беру үшін оны жан - жақты зерттеп білу керек» деген. Осындай зерттеу жұмыстары маған алдыма педагогикалық мақсаттар қоюға және оқу - тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізуге көптеп көмегін тигізуде.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған бала тәрбиесі хақындағы тәжірибесі ұлан - ғайыр. Елін, жерін, халқын сүю, ардақтылардың, рухани асыл қазыналарын әспеттеу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену, әдептілік пен кішіпейілділікке ұмтылу, үлкенді сыйлау мен кішіні құрметтеу сынды толып жатқан қасиеттер арқылы даритынын еске ұстана отырып, мен тәрбие жұмысымды «Халықтық педагогика» негізіне сүйене отырып жүргіземін. Адамның рухани байлығы қашанда мол болу керек. Біз ұрпақтарымыздың зерделі де, ойлы, ақылды да көркем гүлдей жайнап өсе беруін қалаймыз. Сонымен, құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді мектепте берілген ұлттық тәрбие мен білімнің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де, зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ. Яғни, алған тәрбиені өз өмірінде дұрыс пайдалана біледі. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жан дүниесі ұлттық рухани ізгіліктерге бай жас ұландар жол бастамақ.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×