Сайтқа кіру Тіркелу

Күзгі көрініс

Сабақтың тақырыбы: Күзгі көрініс
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде сөйлей білу әрекетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік тақта, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойландыру, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: күздің суреті, оқушылардың өздері салған суреттері, интерактивтік тақтадағы күздің көріністері, тірек - сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Кезекшімен сұхбат.
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?

II. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Ой қозғау стратегиясы.
1. Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?
2. Күзде ауа райы қандай болады?
3. Күзде не піседі?
4. Қыркүйек күздің нешінші айы?
5. Қыркүйекте кімдер мектепке барады?
6. Күзде ағаштың жапырақтары қандай болады?
7. Қай айды «ерте күз» деп атайды?
8. Күз туралы қандай өлең білесіңдер?
9. «Алтын күз» деп қай айды атайды?
10. Күзде қандай жел соғады?
11. Құстар қайда ұшады?
12. Күзде не жиі - жиі жауады?
13. Қазан күздің нешінші айы?
14. Күзде не қысқа болады, не ұзақ болады?
15. Неге күз айын молшылық деп атаймыз?
16. Күзде бақтарда не піседі?
17. Күз туралы қандай өлең білесің?
18. Күздің қай айын «қоңыр күз» деп атайды?
19. Күзде аспанда не қаптайды?

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ауа райы». Сабақтың мақсаты - ой - өрістеріңді, білім деңгейлеріңді көтеру, тіл байлықтарыңды, өз ойларыңды жеткізе білу, қазақ тілінде сөйлей білу әрекеттеріңді жетілдіру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарыңды арттыру.

III. Жаңа сабақты меңгеру. Қызығушылықты ояту стратегиясы. Ассоциациялық қатар жазу. Ең алдымен оқушылар дәптерлеріне ассоциациялық қатар жазады. Кейін олар интерактивті тақтадағы мына тірек сызбадағы сөздермен сәйкестіктерін салыстырады.

IV. Аудирование. Мәтін оқылады да, интерактивті тақтада мәтінге сәйкес слайд көрсетіледі.
Қазір күз мезгілі. Күзде ауа райы құбылмалы болады. Дымқыл тұман жерді басады.
Аспанда сұр бұлт қаптайды. Солтүстіктен суық жел соғады. Күздің жаңбыры толассыз жауады.
Биік тауларда қар ерте түседі. Кейде қар араласа жаңбыр жауады. Күндіз жылы болса да, түнде өте салқын болады.
2 - ші рет оқушылар слайдты қайтадан көреді. Енді әр слайдты мәтінмен көреді. Оқушылар интерактивтік тақтадан көріністі көре отырып, мәтінді мәнерлеп оқиды.

V. Инсерт стратегиясы. Оқушыларға слайдта берілген мәтін таратылып беріледі.
Олар мәтінді оқи отырып, кесте толтырады. Кестеге таныс сөздерді, мағынасы түсініксіз сөздерді, жаңа сөздерді жазады.

Астана қаласындағы №28 орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Анар Қабденқызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×