Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұстаз туралы үзік сыр

«Ұстаз туралы үзік сыр»
/аяулы ұстаз Әбікенова Несет апайдың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі өмір жолына арналған еске алу кеші/
Баяу музыкамен бастау
Жүргізуші:
Ұстаздарсыз жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректе түлеткен.
Сіздің биік рухыңызға бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар. Бүгін бәріміз қуанышты да, өкінішті де сезімдеміз. Өйткені өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, тәрбие мен білім кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді.
Аяулы ұстаз Әбікенова Несет апайдың шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегінің мектеп өмірінде алар орны бар.
Олай болса, осы ұстазымызды еске ала отырып, бір минут үнсіздік
жариялаймын. (1 мин. үнсіздік)

Жүргізуші:
Несет апай құрметті
Арнадым өлең құдіретті
Еңбегімен еленіп
Осылай апам гүлдепті деп қарт ұстаздың өмір жолына жыр арнаған Қошманова Жанар Омарқызының Ұстазға арнауы

Ұстазға арнау
Ойлайтын ел бірлігін, ел тірлігін
Ақылмен түзу ашар ой түндігін.
Мақсаты биік алып, қарт ұстазға
Айтылды әннен шашу жыр боп бүгін.

Айтайыншы қадірімді жекелеп
Айтпасаң да өмір шіркін өтер - ед.
Шежіре ғой бұл кісінің өмірі,
Келе жатыр қарт ұстазым мінекей
Бір ғасырды бір ғасырға жетелеп.

Мың тоғыз жүз жиырма төрттің қысында
1 май колхозында туылған.
Молотовтың мектебінен білім ап
Кіп - кішкентай қара қыздың сол кезден
Елі үшін белі мықтап буылған.

Қоғамға еңбек етті адам үшін
Жігерлі бойындағы сарқып күшін
Халқының қайғысына ортақтасып
Көрсетті кең жүрекпен адал ісін.

Елі үшін еңбек еткен ерінбеген
Заты әйел болсадағы елім деген.
Сұм соғыс зардабының дәмін татып,
Тылда да еңбек еткен қабақ қатып

Рухани жанға азық бере білген
Жақсының жақсылығын көңілге ілген.
Сауатсыз болмау үшін ел жастары,
Тәлім алып ұстаздың соңына ерген.

Басқарып алтын ұя ұжымын да,
Еңбектің көріп бақыт қызығын да.
Ұйытқы боп қуаттанып жүре берген
Толмаған ешқашанда жүзі мұңға

Жан - жағы бау бақшалы берекелі
Немере шөбере бар мерекелі.
Жарасқан қадір тұтар қарттарым бар,
Қызылтам көрінер жақсы ел екені.

Жүргізуші:
Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз,
Деп тілеймін таусыла, оза шауып,
Жүйріктерден суырылып шықса шаңсыз!,
ортаға ұстазымыздың шәкірті №79 негізгі мектебінің оқу ісінің орынбасары Ахметов Нұрлыбек Нұртазаұлын шақырамын.

Жүргізуші:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім.
« Қайран шешем» күйімен ортаға музыка пәнінің мұғалімі Әбішев Әділбекті шақырамыз

Жүргізуші:
Сөз бер маған, әріптес, айтарым бар,
Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар.
Құлқы ынтық құлақпен құйып алып,
Құлазыған көңілден жай табыңдар,
сөз кезегін апаймен бірге жұмыс жасаған Қожаева Саракүл апай мен Ембаева Роза апайға беремін

Жүргізуші:
Келесі сөз кезегі шырағы сөнбес, шоқтығы биік ұстазымыздың қыздары Баян апай мен Науат апайға беріледі.

Жүргізуші:
Баршаның мәңгі жадында,
Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.
Жаралған асыл задында,
Асқардай биік тұлғаңыз,
сөз кезегін ұстазымыздың сүйікті қызы №79 негізгі мектебінің бейіндік оқу ісінің орынбасары Әбікенова Сәулеге беріледі.

Жүргізуші:
Ғажап менің кеудемдегі суретің,
Бірде ұлғайып, биіктейсің бірде тым.
Бүгінгі кеш сенің асыл бейнеңді,
Келгендерге таныстыру – міндетім.
Халқың барда, сен барсың, игі ісің бар,
Білімменен өседі көк өрім тал.
Көк өрім тал зораяр орман болып,
Орман – білім алдында көгеру бар,
бүгінгі асыл да аяулы ұстазымызды еске алу кешін аяқтаймыз
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету