Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!

Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасау. Бірлікке, ынтымақтастыққа, мейірімділікке тәрбиелеуге ахуал туғызу.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттаған болатын, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отырмыз. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Әріпті алдым танып мен, Қош бол алтын әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Елімізде жылма - жыл мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бүлдіршіндер өз қатарын арттыруда. Олардың бәрі мына жайды бастан кешірді.

1 - оқушы: Қыркүйектің бірінде
Оқушы болдым мектепте.

2 - оқушы: Қоңырау үні мектепте,
Шақырды мені жолға алыс,
Әкетті мені жетектеп,
Арманға қарай сол дауыс.

3 - оқушы: Партаға тұңғыш отырдым,
Қалам алып қолыма,
Қалдырмай дәптер жолында.

4 - оқушы: Әріптер болды көңілді,
Тәбетім жоқ ойынға,
Сеземін үлкен өзімді.

5 - оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы,
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

6 - оқушы: Мектебің мынау, классың,
Осында он жыл тұрасың,
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.

7 - оқушы: Әліппем менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

8 - оқушы: Әліппем менің әліппем,
«А» деген бастап әріппен,
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба алып мен.

9 - оқушы: Осылай алға аттандым,
Әр әріпті жаттадым,
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.

10 - оқушы: Әліппем менің әліппем,
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын, соған жауап айтыңдаршы.
Іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті «Әліппе»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету