Сайтқа кіру Тіркелу

Керек кәсіп бәрі де...

Керек кәсіп бәрі де...»/9-сынып/

Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.

Жоспар:
I. Ұйымдастыру:
1) Шоуға қатынасатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау қадағалау.
2) Тәр/сағ. тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.

II. Негізгі бөлім:
1) Кештің құрметті қонақтары, мамандар мен кәсіпкерлері
Кітапханашы;
Кәсіпкер - тігінші;
Машинист;
Өрт сөндіруші;
Кәсіптік лицейдің мұғалімімен пікірлесу. Мамандармен пікірлесу.
2) «Өнерлі қонақтар»

III. Қорытынды.
Би «Көңіл ашар», Орындайтындар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана.
1-жүргізуші: Ыбырай Сахиев
2-жүргізуші: Асылан Мәтенов

1-ж.: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!
2-ж. Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!

1-ж. «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 в сыныбында өткелі отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-ж. Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Мектебіміздегі дене тәрбие пәнінің мұғалімі, 9 сынып жетекшісі Сахиев Ыбырай Базарбайұлына қошемет көрсетейік!

1-ж. Білімді, парасатты, мектеп мақтанышы болып жүрген Мәтенов Асылан Мерекешұлына да үлкен қошемет!
2-ж. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

1-ж. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар, шебер кәсіпкерлер қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.
2-ж. Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

Әсем: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.Ж.Айдана: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

А. Айдана: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығын қалаймын.

1-ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
2-ж. Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсіз ғой?

1-ж. Асыланның бұл сұрағына жауап іздеп көрелік. Ендеше бейне экранға назар аударыңыздар. Кешіміздің алғашқы қонағы:
Алтын Жұмаш Төлеуқызы Кітапханашы Өмірдегі ұстанымы:
«Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмысы анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады».

2-ж.Алтын апайды қошеметпен сахна төріне шақырамыз !
(Алтын апай өз пікірін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Жадыра: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!
«Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық аброй кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген ауылымыздың кәсіпкерлері мен маман иелерінің еңбектері өте зор!
Сағыз селолық округ әкім аппаратынан алынған деректер бойынша, ауылымызда 20 кәсіп орьшдар мен 137 тіркелген жеке кәсіпкерлер бар екен. 9 в сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатына бейне материалды дайындаған болатынмын. Себебі менің болашақта таңдап отырған мамандығым журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Бейне экранға назар аударайық.

(Слайд дәріхана) (Дәріханадағы сұхбат)
1-ж. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
2-ж. Бүгінгі тақырыптың мағынасын ашу үшін келесі қонағымызды шақырамыз. Бейне экранға назар аударайық.

Макулова Шолпан Қуанышқалиқызы Кәсіпкер, тігінші Өмірдегі ұстанымы:
« Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек... Алдау қоспай адал еңбегін сатқан колөнерлі қазақтың төресі сол!»
(Кәсіпкер Шолпан апай өз пікірін білдіреді)

1-ж. Келесі қонағымыз мектебіміздің үздік ата-аналарының бірі:
Саркулов Бейнеш «Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады!»

1-ж. Бейнеш ағаны қошеметпен ортаға шақырамыз! Ал аға, мына оқушыларға өзіңіздің жасап жатқан жұмысыңыз туралы айта отырып, қасыңыздағы қонақтардың айтқан сөздеріне қосатын пікіріңізді білдірсеңіз.
(Бейнеш ағаның оқушыларға берген жауаптары мен пікірі тыңдалады)
2-ж. Әсел сен осы темір жол саласындағы мамандықты таңдар ма едің? Әсел: Жоқ, менің таңдаған мамандығым бишілік өнері. Соңғы жылдары мектебіміздің ұл-қыздары би өнеріне мән беріп, қызығушылықтары арта түсті. Бірақ көпшілігінің ойлайтыны би өнері тек мектеп сахнасында, тәрбиелік шараларда билеп, кейіннен пайдаңа жарамай қалып қоятын іс деп ойлайды. Өзім «Айданай» би үйірмесінің бишісімін. Болашақта би маманы болу үшін қандай кеңестер бересіздер?
2-ж. Жадыраның дайындаған сұхбатын тыңдау үшін бейне экранға назар аударайық.
(Слайд саз мектебі) (Саз мектебінде түсірілген сұхбат)

1-ж. Бұл кездесуге құқық қызметкерлері де дәрігер мен бірнеше кәсіпкерлер де шақырылған болатын. Жұмыстары болып, бүгінгі кешке қатынаса алмай жатыр.
4-ші қонағымызбен таныс болайық:
Сағыз жеке өрт сөндіру бекетінің бастығы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Талғат Көптілеу Сәбитұлы
Өмірдегі ұстанымы: « Енбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме »
(Талғат мырзаның пікірлері тыңдалады.)
Жадыра:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін. Тағы бір дайындаған бейне монтажға назар аударыңыздар.
(Кәсіптік лицейде түсірілген бейне монтаж)

2-ж. Бұл бейне монтаждан №11 кәсіптік лицейді көріп отырмыз, бұдан әрі қарай толығырақ ақпарат алу үшін сахна төріне соңғы қонағымызды шақырамын. Таныс болыңыздар!
Мусина Роза Нұғманқызы Мұғалім Өмірдегі ұстанымы: "Іздену,ізденіп жүру"
Керек кәсіп бәрі де...
[/center][left][/left][left][/left][right][/right][center]
(Роза апаймен оқушылар, көрермендер әңгімелесіп, пікірлерін ортаға салады.)

1-ж. Бүгінгі кездесудегі әңгімемізді қорытындылай келгенде, қандай мамандық болмасын, оның қыр-сырын жетік меңгеру қажет. Қазіргі кезде мамандықтың түрі өте көп. Тек жақсы маман иесі болу үшін мектептен жақсы білім, сапалы тәрбие алуы қажет.
2-ж. Сонымен қатар жастайынан әркімнің өзінің көкейінде жүрген арманы болады. Соған жетуге талаптанып, еңбек етуіміз керек екен. Ал Ыбырай ағай сіздің арманыңыз қандай еді?

1-ж. Адамның арманы шексіз ғой, оқушыларыма әрқашан сәттілік тілеймін. Әрбірі өмірден өз орнын тапса, мен үшін одан артық бақыт жоқ.
2-ж, Ағай, сіздің сеніміңізді ақтаймыз деп сыныптастар атынан айта аламын.

1-ж. Бүгінгі шоудың бірінші бөлімін қорытындылай келе, оқушылар нені білді? Нені үйренді? соған назар аударайық.
Нені білдік? Тәжиева Жадыра
Нені үйрендік? Балықбаев Асылбек

1-ж. «Керек кәсіп бәрі де...» атты сән әлемін тамашалаңыздар!
Полиция - Самат
Дәрігер - Әсем
Өрт сөндіруші - Демежан
Мұғалім - Айдана
Теміржолшы - Сүндет
Шаштараз - Әсел
Аспазшы - Айбек
Даяршы - Мөлдір
Теміржол кезекшісі-Айдана

Шоудың ІІ -ші бөлімінде қонақтарымыздың өнерін тамашалаймыз.
Алтын Жұмаш - көркем сөз оқиды
Мусина Роза - оқушысы өнерін көрсетеді
Көптілеу Талғат - мақалдар айтады
Шолпан Макулова — қолөнер дайындайды
Сарқұлов Бейнеш - ән айтады

1-ж. Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, тәрбие сағатымызда қолдау көрсеткен қонақтарға 9 в сынып ұжымының дайындаған сый-сыяпатын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

2-ж. Сыйлықтарыңыз құтты болсын, бүгінгі кештен естелік ретінде қабыл алыңыздар!
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

1-ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. Осымен « Керек кәсіп бәрі де...» атты ұйымдастырылған шоу аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Дайындаған: Ибрай Сахиев Базарбайұлы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандық таңдаудың маңыздылығы

Мамандық таңдаудың маңыздылығы

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт - бағдарын беру. Мамандық әлемінде өзін - өзі тани білуіне дүниетанымын кеңейту және...
Мамандығым - мақтанышым

Мамандығым - мақтанышым

Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Оларды өз пікірін еркін айтуға,...
Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;...
Мамандығым мақтанышым

Мамандығым мақтанышым

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна...

"Менің мамандығым" (студенттермен кездесу кеші)

Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×