Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Балдәурен

«Балдәурен» ән сайысы
2. Мереке «Балдәурен» әнімен ашылады.
1 - жүргізуші:
Армысыздар қадірлі, халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенін.
Балдәурен басы болсын мерекенің
Төгілдіріп тамаша ән айтатын.
2 - жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық,
Думандатып би - билеп,
Інжу - маржан шашайық.
1 - жүргізуші:
- Қадірлі ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Өзін - өзі тану апталығына орай, бастауыш сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Балдәурен» ән сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
- Бүгінгі ән - сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1 - кезекте «Жеке дауыстағы ән»сайысы
1 - жүргізуші:
2 - кезекте «Балалық шақ» әндерінен хор
1 - жүргізуші:
Той деп бүгін, көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін, халқым шашу шашады.
- Бүгінгі үлкен тойымыздың, ән - сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен танысып өтейік.
2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй — деп Абай атамыз айтқандай музыка өнерінің шебері Тураров Мұрат
1 - жүргізуші:
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен өзіңнен -----
Өзін - өзі тану пән мұғалімі: Мұхамеджанова Оразгүл
2 - жүргізуші:
Ұстаздық ұлы жолдарда,
Жас ұрпақ үшін жан салған,
Еңбектің ері елеулі
Дәуірдің дара, данасы.
Бастауыш пән мұғалімі: Досымханова Бейбітгул

1 - жүргізуші:
Жаны жайсаң, көңілі кең
Даламдай дархан пейілі.
Жақсы мінез, жылы сөзі
Жүректің жан - дәруі ----
Мектеп психологы: Жунуспаева Лаура

2 - жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жамырзанова Үмітхан

1 - жүргізуші:
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Кітапханашы: Иванова Наталия
2 - жүргізуші:
Әдеби монтаж
1 - жүргізуші:
Қарсы алайық халайық,
Аруға көз салайық
Сымбатты сұлу Нұрайға
Қанеки қол соғайық!
Ән: «Бала тілегі» Ерғазыева Нұрай
2 - жүргізуші:
Би: «Кукарелла»
1 - жүргізуші:
1 сынып хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»
2 - жүргізуші:
Бибігүл, Күләштай әнші де бар,
Балалар әнді салсаң Біржандай сал,
Ибрахим мен Мадинаға кезек келді
Төгілдіріп, құйқылжыта ән айтар
Ән: «Өз елім»
1 - жүргізуші:
Би: «Грейзи»
2 - жүргізуші:
2 сынып хор «Бақытты балалық шақ»
1 - жүргізуші:
Мектебім шырағымсың,
Сарқылмас бұлағымсың
Жанымның сая бағы -
Таусылмас жыр - әнімсің
Ән: «Мектебім»
2 - жүргізуші:
Сиқыршылардың өнерін тамашалайық
1 - жүргізуші:
3 сынып хор «Атамекен»
2 - жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар
Думанға қатысушы Анель қызға
Ән: «Ертегілер» Бағдатова Анель
1 - жүргізуші:
4 сынып хор «Қазағым менің!»
2 - жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін,
Бақ - береке, дәулет, табыс, денсаулық,
Әр отбасына молынан қона берсін.
1 - жүргізуші:
- Бүгінгі ән - сайысына қатысушы өнерпаздарды ортаға шақырайық. Сайысымыздың қорытындысын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
2 - жүргізуші:
Ал енді құрметті ұстаздар мен ата - аналар, оқушылар, бүгінгі Өзін - өзі тану апталығына арналған «Балдәурен» атты ән - сайысымыз өз мәресіне де жетті.
Атсалысып, қолдау көрсеткендеріңізге көп алғыс айтамыз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету