Сайтқа кіру Тіркелу

Тәрбие ана сүтінен басталады

Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – тәрбиенің бір саласы десек, жалпы адамзат қоғамының басты міндеті - перзент тәрбиелеп өсіру және оны игілікке баулу, өнер үйретіп тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу. Отбасының жемісі, алтын тіреу діңгегі - бала, өйткені бала өмір жалғасы. «Үміт еткен көзімнің нұры балам….» демекші, ата - ана үшін қашанда перзенттің орны бөлек. Ол бәрінен де қымбат, ыстық болып көрінеді. Өмірдің сәні де, нәрі де бала.

Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде жиып терген мол тәжірибесі бар. Ол өзінде бар жақсы қасиеттерді жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырған. Көпті көрген көне көз болған аталар мен әкелер өз балаларының, немере - шөберелерінің ғана емес, иісі қазақтың ақылшысы, кемеңгері бола білген.

Бүгінгі күні баласына бесік жырын, ертегі, өлең айтып беретін ата - ананы сирек кездестіреміз. Бабаларымыздан жеткен дәстүрдің сабақтастығы мен үндестігі үзіліп ұмытылды десе болады. Кейінгі ұрпақ ұлттың сыңаржақ тәрбиесін алып, халықтың салт – дәстүрі мен табиғи қасиеттерінен қол үзіп қалды. Осының теріс әсерінен қазір жүгенсіз, білімсіз, халық дәстүрінен ада, мейірім – инабаттан хабары жоқ, сана сезімі төмендер көбейіп кетті. Ата - анасын бақпай тастап кетушілер, маскүнемдер мен нашақорлар, тәрбиеге көнбейтіндер, қиын бала» турала жиі естиміз. Мұндай құлақ естімеген сұмдық оқиғалар халқымыздың тарихында бұрын болып па еді?

Өйткені, әп - әдемі салт дәстүрімізден айырылып қалдық. Бір жақты тәрбие кейінгі ұрпақтың санасын бұзып, басқа жолға салып жіберді.
Ұлды ақылды, білімді етіп өсіру, қызды әдепті - ибалы етіп тәрбиелеу қоғамдық тұрмыстағы тәлім - тәрбиенің негізгі өзегі
екендігіне баса назар аударған.

Қазіргі таңда сөздік қорымызда «тәрбиесі ауытқыған», қиын бала», көше баласы» деген сөздер бар. Осындай бала қайдан шағады, неге ата - ана тәрбиесіне көнбейді. Оны тәрбиелеуге балабақшаның, білім беретін мектеп пен ұстаздың, ата - ананың, тіптен қоғамның күші жетпей ме деген сауал туады.
«Аюға намаз үйреткен таяқ»деп баланы ұрып – соғып, таяқтың күшімен тәрбиелеймін деген қатал әке - шеше де бар, бірақ бұл тәсілді көп қолдансаңыз, бала мінезінде қаталдық, мейірімсіздік, қатыгездік, тасжүректік пайда бола бастайды. Сондықтан ашуды ақылға жеңдіріп, тағы да бабаларымыздың бес жасқа дейін балаңды құдайдай сыйла, бес жастан он жасқа дейін құлындай жұмса, он жастан асқаннан кейін ақылшыңдай сыйла. деген асыл сөзіне жүгінуіміз керек. Кейбір отбасында әке қабағынан ұғатын, шеше сөзін тыңдайтын дәстүр қалыптасқан. Ондай отбасының баласы тәрбиеге көніп ата - анасының айтқан ақылына құлақ салып, ибалы өседі. Ал ата - анасын алдап, өтірік айтып ұрлық жасайтын жеңіл жүріске түскен ұлмен қызды дұрыс жолға саламын деп, қол көтеріп, баласын тыңдата алмаған ата - ана өзінің дәрменсіздігін байқайды. Бұндайда есіңе Ы. Алтынсариннің бала тәрбиесі туралы жазған шығармалары түсіп, неше күн, неше ай, неше жылға кешіккендігі туралы ойға қаласың. Бала тәрбиелеуге қаталдық та керек, бірақ оның шегі болу керек деп ойлаймын.
Тәрбие өнері дегеніміз - ең алдымен жүрегіне жол таба білу өнері. бала жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс - тәсілмен де, балаға деген жүрек сезімі – махаббатпен де табуға болады. Жылы - жылы сөйлесе жібімейтін жүрек жоқ., тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек. Өйткені бала – бауыр етің …
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×