Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл басы - Наурыз!

Жыл басы - Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл
22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін
түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: О, жарандар, жарандар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен - кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алла қолдап ісіңді,
Қадамың басқан оң болсын!
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
2-жаршы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз.
Көрініс: күн мен түн ортаға шығады.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

3.Қыдыр ата сөзі:Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қарғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық,
Наурыз тойда, думандап.
Ән: «Домбыра сазы».
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Қоянды» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Ұлу » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз:
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2- бала: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

3-бала: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Би:«Қаражорға»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз Асанәлі деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Асаналіні іздеп шығады.
Қыздар: Асанәлі, Асанәлі, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Асанәлі керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.

3- бала: Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

4- бала:Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.
Ән: «Төлдер».


Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Қазақ биі»

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.
Ойын: «Қыз қуу»
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, маған сендер ұнап қалдыңдар, тағы қандай өнерлерің бар екен, көрейін.
Жылдар:
Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,
Көбейгенмін , өргенмін
Кішкене қандай болсам да,
Жылды бұрын көргенмін.
Сиыр: Уа, халайық жиылған,
Бір сәлем келген сиырдан.
12 жыл бойы жол жүріп,
Келдім алыс қиырдан.
Барыс: Шыңда жүрген барыспын,
Ертеден жылмен таныспын.
Қарлы тауда жүремін,
Жердегіден алыспын.
Сиырдан ұлықсат сұрайын,
Биылғы жыл мен болайын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Бүгін ерте ояндым.
Аппақ едім қыс бойы,
Қоңыр түске бояндым.
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,
Теңізден келген сұлумын.
Қамын ойлап келген ем,
Ойын - сауық құрудың.
Жылан: Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балдырған.
Қарды түгел кетіріп,
Жердің бетін жайнатам.
Жылқы: Мен жылқымын желдім ғой
Іздеп жүріп келдім ғой.
Қолыңды соқ қарсы алып,
Жылды маған сендің ғой.
Қой: Қой едім елге ұнайтын,
Бірінен бірі сұрайтын.
Мен боламын білсеңіз,
Малдың басын құрайтын.
Мешін: Мен, Мешінмін, мешінмін,
Көптен келмей кешіктім.
Мың құбылып, түрленіп,
Жайнасын жылым, жайнасын!
Тауық: Менде құспын, тауықпын,
Көркімін ойын - сауықтың.
Күнделікті жемімді,
Шоқып жүріп тауыппын.
Ит: Ит болғанда Құмаймын,
Бір орында тұрмаймын.
Аңды алыстан көремін,
Қуып жетіп төнемін.
Доңыз: Доңызды білсең майлымын,
Халыққа сондай жайлымын.
Берекелі жыл болар,
Шаруаға сайлымын.
Қоян жылы жыл таяғын ұлу жылына тапсырады.
Ендеше, Ұлу жылымыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, қайда барсақ жол болсын!
Мыстан: Өй, сендерде өнерлі балалар көп екен ғой.
Қыздар: Асанәліні енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Асанәліні жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдер ме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×