Сайтқа кіру Тіркелу

Ханзада мен ханшайым

Алау» жазғы сауықтыру алаңы

Лагерь ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру, өнерлі, білімді оқушыларды анықтау.
Жүрісі:
Құрметті тәрбиешілер мен демалушылар бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қош келдіңіздер!
Ендеше ханзада мен ханшайымдарды ортаға шақырайық:
1. Шүкірбаев Ернұр, Исабай Ләйлә - « Балдырған» тобы
2. Тағанбаев Ерасыл, Жарылғасқызы Айжан - «Жас қыран» тобы
3. Жаңбырбаев Думан, Базарбаева Альбина - «Шағала» тобы
4. Ерғалиев Бағжан, Жеңісбекова Назира - «Достық» тобы
Жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық - өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 5 турдан тұрады.
1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)
2. «Жүйрік болсаң тауып көр» (білімділік сайысы)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
5. Үй тапсырмасы
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты - бүгінгі байқауға төрелікке ететін әділ қазы мүшелерімен таныс болайық:
1. Лагерь бастығы Қойшина Айсауле
2. Лагерь бастығының орынбасары Дүйсенбаева Акерке
3. Лагерь психологі Шағанова Гүлім

Жүргізуші:
Сайыскерлер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Тайсалмастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен, танысуға - олай болса, 1 турымыз «Сәлем сөздің анасы» таныстыру сайысын бастаймыз.(өздерін таныстырады)
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар
Сіздер өтер әлі де талай сын бар
Тапқырлықпен тауып айт қысылмай - ақ
Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар
(сұрақтар қойылып, жауап алынады).
«Жүйрік болсаң тауып көр» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Жүргізуші:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Ән орындайтын Бораш Айтбек
«Өнерлі өрге жүзер» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) Би орындайтын Еділова Әйгерім
Жүргізуші:
Көйлек киіп әдемі,
Тамсандырам елімді
Түрлі - түсті сән көйлек
Көз тартады не керек - деп келесі «Сұлулықтық сыры» сән үлгісі бойынша келесі 4 турымызды бастаймыз.
«Сұлулықтық сыры» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Көркем сөз оқитын Сембаева Құралай
Жүргізуші:
Келесі соңғы 5 турымыз үй тапсырмасы ханзада мен ханшайымдардың өздері дайындап келген заттарын көрсету, таныстыру.
«Үй тапсырмасы» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Қорытынды бөлім: Әділқазы алқасына сөз кезегін беру (марапаттау).
Ән орындайтын Серікқызы Альбина
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
Өнерлі өрге жүзер
Үй тапсырмасы
Сұлулықтың сыры
Жеңімпаздарды марапаттау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×