Сайтқа кіру Тіркелу

Бағдаршам

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Мұғалім: балалар, өткен сабағымызда қандай тақырыпты өттік.
Оқушылар: компьютер әлемінде.
Балаларға жаттаған өлеңін айтқызып, қайталату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: жұмбақ жасыру
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру.
ІV. Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршам туралы.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
- Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
VІІ. МАДАҚТАУ:
- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×