Сайтқа кіру Тіркелу

Көктемдегі қауіпсіздік

Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға көктемдегі қауіпсіздік туралы түсіндіру;
Ә) дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, қол моторикаларын, ойлауын дамыту;
Б) тәрбиелік: Салауатты өмір салтын, эстетикаға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар суреттер, видео, ережелер
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа кіріспе
Жаңа сабақ
Бекіту
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Көңіл – күйлеріміз қалай? Жарайсыңдар!

Балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық (қар)
2. Көлдің беті көк әйнек
Сырғанауға, тым әйбет! (мұз)
3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды (Су)
Қалай ойлайсыңдар бұл өзгерістер жылдың қай мезгілінде болады?
Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?
Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз «Көктемдегі қауіпсіздік ережесі» деп аталады.

Ал балалар көктемде қандай ережелерді сақтау керекпіз. Біз қазір «Қай топ көп біледі» ойыны ойнаймыз. Ол үшін қазір әр топқа мен парақ таратамын, ал сендер сол параққа қауіпсіздік ережелерді жазып 2 оқушы шығып қорғауымыз керек.
Оқушылар қорғайды. Өте тамаша. Ал енді келесі ойынымыз «Кім ойшыл» деп аталады. Мына парақтарға қауіпті жағдайдың суретін салып, сол кезде қауіпсіздікті қалай сақтау керектігін айтып қорғаймыз.
Суреттерін қорғап болған соң, оқушылар жарайсыңдар манадан бері біз сурет салып, ережелер жазып жатырмыз. Енді мына мультфильмге назар аударыңдар.

Қауіпсіздік туралы видео көрсетемін. Оны қорыту барсында тақтадағы суреттерді көрсетемін.
Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша төрт қайғылы жағдай тіркелген. Соның салдарынан үш адам қаза болды. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.

Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.
Сабақ аяқталды сау болыңдар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында 2019

«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында 2019

Сынып жетекшілер өз сыныптарына қауіпсіздік ережелері мен бірге танысу парақтарын дайындайды. Осы қауіпсіздік журналына «Жолда жүру қауіпсіздігін»...
Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі

Тұрмыстық техника, оның қажеттілігі

Білім беру: 1. Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. 2. Қауіпсіздік ережесі туралы...
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен, компьютер сыныбындағы тәртіппен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен...
Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...
Апатты жағдайлар және олардан сақтану жолдары

Апатты жағдайлар және олардан сақтану жолдары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Джумадилова Айгерім Араловна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×