Сайтқа кіру Тіркелу

Нашақорлық Қазақстан болашағына қауіпті

Тақырыбы: «Нашақорлық Қазақстан болашағына қауіпті»
Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау
Ұраны: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
«Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан
қол үзбе»
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу
1І. Ой қозғау
Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу.
Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
ІІІ. Олай болса, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Нашақорлық және құқық бұзушылық»
Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатты өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организмімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды. Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.
Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел – жұртқа қалай қараймын», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу – «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!» деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.
Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!
6. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Шылымды әр тартқаның,
Табытыңа темір шеге қаққаның
2. Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын.
7. Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден қорғана білуі үшін қандай кеңес және көмек беруге болады деп ойлайсың?
Сонымен балалар сөзімізді қорытындылай келе,
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ашу – дұшпан, ақыл - дос
Мақсаты:- Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының мән - мағынасын ашу;
Міндеті:- Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
- Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
- Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: плакаттар, мақал - мәтелдер
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ.”Сабыр түбі – сары алтын”көрініс.
ІІІ.”Ашуды жеңу” бейнебаян.
ІV. Мақал – мәтел.
V. Қорытынды.
І. Кіріспе
Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М. Әуезов
Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.
Өкпе, реніш адамның көңіл - күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу - ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Іс - әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айыра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.
Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз
І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
ІІ. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
ІІІ. Жақсы іс туралы ойла
ІV. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
VІ. Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
VІІІ. Ашуды ақылға жеңдір.
Көрініс:
І - топ “Ата ақылы”
ІІ - топ “Патшалар дауы”
Көріністен соң оқушылар болған жайттарды талқылайды. Ата ақылының баласына қаншалықты әсер еткені жөнінде және патшалардың не үшін ашуға ерік бергендігі жөнінде оқушылар сарапқа салады.
Мақал - мәтелдерді табу ойынының шарты: кесте берілген, онда адасқан сөздерді тауып, мақалдың мағынасын айту керек. Үлгі:
Қиялдайды
Ашу
Арындайды
Тыңдайды
1. Ашу – арындайды,
Ақыл аяңдайды
2. Ашу – пышақ, ақыл - таяқ
3. Ас тасыса - қатығы төгілер,
Ашу тасыса - ақылы төгілер
4. Жаманның ашуы - басы жерге тигенше,
Жақсының ашуы – шәйі орамал кепкенше
5. Ашу үстінде ант жүрмейді
6. Айырылмастай досыңа – қайырылмастай сөз айтпа
7. Ашу – дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.
8. Қайтып кірер есікті қатты жаппа
9. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.
10. Аюды жеңген – жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер

Қорытынды
Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын - өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын - өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.
Тәрбие сағатының соңында өз білімдерімен көзге түске топ марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×