Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әдептілік - тәрбие бастауы

Сабақтың мақсаты:
оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, интерактивті тақта, шар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Кіріспе:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе, ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Ребус шешу
Әдептілік – тәрбие бастауы
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік жайлы болмақ. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.
Әдептілік сөзіне «Ассоциация» құру
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
- Тәртіпті -----------------(болу керек)

«Еркін жазу» әдісі
1 - топ. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
2 - топ. Үлкенге құрмет – кішіге ізет.
3 - топ. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жағдаят шешу (сахналық көрініс)
1 - топ: Мектеп дәлізіндегі әдептілік
2 - топ: Сынып ішіндегі әдептілік
3 - топ: Мәдени – көпшілік орындағы әдептілік.
Ән: Бала тілегі
Мақал - мәтелдің жалғасын табу
Бала тәрбиесі-------------------------арлы бала.
Адам----------------------------------- тіл.
Тәрбие басы------------------------- өзгеден сый дәметпе.
Әдеп басы---------------------------- алғыс орады.
Өзіңді - өзің сыйламасаң -----------тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен кіші --------------сені сыйлайды.
Үлкенді сен сыйласаң --------------тәртіппен өскен тал артық.
Тәрбиелі адам ----------------------тал бесік.
Әдепсіз өскен адамнан ------------әдебімен көрікті.
Әдепті бала-------------------------- бесіктен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету