Сайтқа кіру Тіркелу

Анаммен біргемін

Жүргізуші:
Салт - дәстүрін дәріптеген көнеден,
Қазақ деген жаны жомарт ел екен.
Дархан дала көктемімен қауышты,
Амансыз ба жиылған жұрт, көрермен.
Армысыздар аяулы ұстаздар, аналар мен патша көңіл көрермендер! Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздар!
Құрметті аналар, қыз қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.
АНА..... Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау 3 әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде!? Жақсылық атаулының барлығы да ана сүтінен жаралған ғой.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Олай болса сайысымыздың шымылдығын тамаша әнмен ашсақ.
Адал ұрпақ өміріне сенетін,
Әділдікті ардан артық көретін.
Шақырайық әділқазы алқасын,
Бұл сайысқа әділ баға беретін. (Әділқазы алқа мүшелерін таныстыру)
Енді ортаға бүгінгі сайыстың қатысушыларын шақырсақ:
1 сыныптың атынан келген Мұқият Айдана мен анасы Жарқын апайды қарсы алаңаздар.
2 сыныптың намысын қорғау үшін келген Дулатқызы Айбота мен анасй Жазира апайды ортаға қошаметпен шақырамын.
4 «А» сыныбынан суырылып сайысқа келген мен анасы Гүлмайра апай ортада.
4 «Б» сыныбынан сайысқа Индира мен әжесі Рәш апа қатыспақшы екен, қошамет көрсетіп, ортаға шақырайық.
Қош келдіңіздер! «Сайыста сәттілік серік болсын» деген тілекпен байқау шарттарымен таныстырып өтейін:
Барлығы 5 кезең,
І кезең - таныстыру, сайысқа қатысушы өзін көрерменге әсерлі әннің немесе қаймақты қара өлеңнің көмегімен таныстырып өтеді.
ІІ кезең - бойындағы өнерімен көреременнің көзайымына айналу үшін сайыскерлер бар өнерін ортаға салады.
ІІІ кезең - ұлттығымызды ұлықтауға үлес қосар сәт, яғни байқауға қатысушы дәл осы жерде ою ойып, құрақ құрап, кесте тігулері керек.
ІV кезең - Дархан мінезді дана халықтың дастарханы дәйім дәмге толы болған ғой, ендеше сол салтты сайыскерлер бүгін бізге тағы бір көрсетеді.
V кезең - сұрақ жауап әдісін басшылыққа алады, яғни аналарға жағдаяттық сұрақтар, қыздарымызға білімнің әр саласынан сұрақтар беріледі.
Көрерменнің тағатын тауыспай сайысты бастайық.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(Балғын қыздарымыз аналарымен өздерін таныстырып өтеді)
Сөз сіздерде, сарапшылар.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші,
Мына жұртқа, қошаметпен қол соққан.
(Сайыскерлер кезегімен өз өнерлерін көрсетеді)
Әділқазылар бағаларыңызды білсек.
Тыңдаңыздар, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын, ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз,
Жырлайтын қазағымның дәстүр - салтын.
(Қатысушылар дайын болғанша ән орындалады.)
Сарапшалар сіздер сайыскерлердің жұмыстарын бағаласаңыздар.
«Ас - адамның арқауы» деген, ендеше ас дайындауға кезек берейік.
(Барлық қатысушылар әзірлеген ас мәзірін сарапшыларға апарып, таныстырып өтеді)
Бағалауға кезек берсек.
Сайыскерлер биік болар талғамың шын,
Әр бір үйдің алға тартқан арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.
Аналарға арналған сұрақтар:
Үйге кірген кісіні көрген балаңыз, сізге қарай жүгіріп кісі келгендігін хабарлады. Балаңыздың бұл әрекеті дұрыс па?
Ерлан байқамай Гауһарды итеріп қалды. Гауһар қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. Сіз көріп тұрсыз. Қандай әрекетке барасыз?
Сіздің үйіңізге бейтаныс біреу телефон шалып үндемей тұтқаны қоя салды. Бұл жағдай балаңызбен бірге отырғанда қайталанды. Мазаңызды алып бітті делік. Өзіңізді қалай ұстайсыз?
Қызыңызбен бір сыныпта оқитын баланың анасы сізге кездесіп қалып, өткен аптада сабаққа қатысқанын, сіздің қызыңыздың сабаққа нашар дайындалғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
Бүгін қызыңыздың сыныбында ертеңгілік болады. Онда қызыңыз ән айтады. Ал сізде бүгінге басшыңыз тапсырған көп жұмыс бар. Не істейсіз?
Қыздарға арналған сұрақтар:
Самат 2балық ұстағанда, Марат 1 балықтан ұстап отырды, олар барлығы 9 балық ұстаса, әрқайсысы неше балық ұстаған?
(3 рет аулаған, Самат 6, Марат 3 балық ұстады)
Қаздың салмағы 5 кг, егер ол бір аяғымен тұрса нешен кг тартады? (5 кг)
7 атаны атап бер.
Елтаңбаның авторы кім?(Ж. Мәлібеков)
Есту мүшесі? (құлақ)
Жыл басы не? (Тышқан)
9 мамыр қандай күн? (жеңіс күні)
Жаңа әнұранның авторлары кімдер?
Екі ақынның өлең жарысы? (айтыс)
Сөз әділқазы алқаларында
Марапаттау сәті.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×