Сайтқа кіру Тіркелу

Біздің тілегіміз - достық

Тәрбие сағаты: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың тақырыбы: «Біздің тілегіміз - достық»
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
2. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
1 - жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие
сабағымыздың тақырыбы «Біздің тілегіміз - достық» деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық» дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
2 - жүргізуші:
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсы түсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
1 жүргізуші: Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
2 - жүргізуші: Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
1 - жүргізуші: Достық - адамның бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі - сырыңды айтатын, қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы,- деген Шекспирдің сөзі өте дұрыс.
2 - жүргізуші: Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер ме?
(оқушылар өлеңдерін айтады).
1 - оқушы
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.
2 - оқушы
Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар
3 - оқушы: Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарына әр күні
Сыйла көңіл тұнығын
4 - оқушы
Адал дос барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.
1 - жүргізуші: Балалар, бізге Айгөлек журналы арқылы хаттар жіберіпті. Осы хаттардың ішінен бір - екі хатты сендерге көмек сұрауда (хатты оқып, оқушылар жағдаятты талдайды).
IY. Пікірталас. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген - ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды - артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
2 - жүргізуші:
Балалар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер,
Ендеше достарымызға арналаған
Y «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.
YI. Қорытынды
- Балалар достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
2 - жүргізуші: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, қазағым» деп тілек айтамын.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсын дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер

Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас....
Дос болайық бәріміз

Дос болайық бәріміз

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық...
Досы көпті жау алмайды

Досы көпті жау алмайды

Тәрбие сағатының мақсаты: достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орнымен, өмірдегі қуанышты, мұңды...
Өзін-өзі тану

Өзін-өзі тану

«Мектепалды даярлық» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Топ атауы: №11 «Кемпірқосақ» тобы Білім беру саласы:...
Достық аралы

Достық аралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі Бибосынова Айнұр Базарбаевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×