Сайтқа кіру Тіркелу

Мамандығым мақтанышым

Тақырыбы: Мамандығым мақтанышым
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер.
Мамандық - адамның қоғамдық мінездемесі.
Ганс Селье
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Н. Ә. Назарбаев.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық таңдау дегеніміз не?

1. Оқушының өз жеке басының ерекшеліктерін тануы;
2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы;
3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау;
4. Өзінің таңдаған кәсіби аумағын тануы керек.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді.
Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады.
(слайд) Мамандық әлемі
Мамандық әлемінде жақсы бағдарлаудан және кәсіби жұмыстан басқа, тепе - тең мамандық таңдауға өз қабілетіңді тани білу, өз тарапыңнан кемшіліктерің мен жетістіктеріңді дұрыс бағалау.
Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік.
“Танысу”
Ойынның шарты: Кез - келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.
Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. б
Пікірталас
1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
5) Ата - аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
6) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
7) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.
“Ең жақсы”
Қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сендер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін жазуларың және айтуларың керек.
Мысалы: жануарлармен көп жұмыс істейтін мамандықтар (зоотехник, ветеринар дәрігері, мал өсіруші т. б.) Осы тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.
№1: ең тәтті көп мамандық
ең жауапты көп мамандық
№2: ең жасыл көп мамандық
ең спортты көп мамандық
№3: ең күлкілі көп мамандық
ең ақшалы көп мамандық
(мына парақшаларды алып бүгінгі кештің өткеніне назар аударайық.)
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, Ж. Аймауытов айтқандай, “Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!” деген екен
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Профессия – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және...
Менің мамандығым - менің болашағым

Менің мамандығым - менің болашағым

Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте...
Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!

Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...
Мен мамандық әлеміндемін

Мен мамандық әлеміндемін

«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...
Мамандықтар әлемі

Мамандықтар әлемі

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ математика - информатика пәні мұғалімі Жагипарова Арай Бакытовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×