Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз сыны

Мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

[b]Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Сұрақ - жауап
3. Өнер
4. Ас мәзірін даярлау
5. Шығармашылық қолөнер сайысы

1. «Өзін - өзі таныстыру»
2. «Сұрақ - жауап» викторинасы:

1. Қазақстан қандай мемлекет?
А) шағын
В) тәуелсіз
С) жаңа
D) кішкентай
Е) тоталитарлық
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
А 4 В 6 С 15 Д 7 Е 5
3. Аптаның бірінші күнін белгілеңіз.
А) сейсенбі
В) жұма
С) дүйсенбі
Д) сәрсенбі
Е ) бейсенбі
4. Наурыз мейрамында әзірлейтін басты тағамды атаңыз.
А) наурыз көже
В) таба нан
С) самса
Д) шұжық
Е) бауырсақ

5. Мақалды аяқта. Өнер алды -... (қызыл тіл)

1. Қазақтың батыр қыздары:
А. Қыз жібек, Баян сұлу
В. Айгүл, Айсұлу
С. Ғалия, Жанар
Д. Әлия, Мәншүк.
2.« тер» жалғауы қай сөзге жалғанатынын көрсет:
А) қыз
В) дос
С) бала
Д) мұғалім
Е) мектеп
3. Жаз айын тап:
А) қаңтар
В) қазан
С) шілде
Д) сәуір
Е) мамыр
4. Барыс септігіндегі зат есімді тап:
А) балаға
В) баланы
С) баланың
Д) баладан
Е) баламен

5. Мақалды аяқта
Мектеп – кеме, білім -...(теңіз)

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының күнін белгілеңіз.
А) 30 тамыз
В) 30 мамыр
С) 1 мамыр
Д) 22 наурыз
Е) 25 қазан
2. Көктем айларын табыңыз:
А) сәуір, желтоқсан, ақпан
В) наурыз, сәуір, мамыр
С) маусым, шілде, тамыз
Д) қыркүйек, қазан, қараша
Е ) желтоқсан, қаңтар, ақпан
3. Көптік жалғауды табыңыз.
А) лар, лер, дар, дер, тар, тер.
В) ның, нің, дың, дің, тың, тің
С) мен, бен, пен
Д) ға, ге, қа, ке
Е) нан, нен, дан, ден, тан, тен
4. «Қармақ» - қандай буын түрі?
А) ашық буын
В) тұйық буын
С) бітеу буын
Д) аралас буын
Е) буынға бөлінбейді

5. Мақалды аяқта Отансыз – адам,...
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз.
А) әнұран, ту, елтаңба.
В ) дәптер, қалам, мектеп.
С ) думан, мереке, той.
Д) дәстүр, бәйге, жігер.
Е) жарыс, байқау.
2. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз
А) жаз
В) бас
С) ана
Д) ой
Е) ал
3. Оқу жылы қашан басталатынын белгілеңіз.
А) жазда
В) таңертең
С) көктемде
Д) қыста
Е) күзде
4. Қазақстанда қанша облыс бар?
А) 20 В) 14 С) 10 Д) 12 Е) 7
5. Мақалды аяқта
Балалы үй базар, баласыз үй -...(мазар)

3 тур. Өнер сайысы.
Үшінші сайыс. Өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

4 тур Ою - өрнекті қию
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз шығармашылық қолөнер сайысы.
Әр ару қызымыз қазақ халқының ою - өрнегін қияды.

5 тур – қазақ халқының ұлттық тағамдары
6 тур – қыздарымыз Қазақтың ұлттық тағамы еттің нанын жаяды.
7 – тур – салт - дәстүрлерді көрсету.

Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз

Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше
өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.
Жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда. Назарларыңызға рақмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×