Сайтқа кіру Тіркелу

Туберкулездің адын алу

Туберкулездің адын алу
(Туберкулездiң алдын -алу шаралары туралы жалпы түсiнiк)
Мақсаты:
а) Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру
ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

Түрi: Сұхбат ( Сұрақ-жауап, кеңес әңгiме)
Әдiсi: Баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекiлiгi: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Қатысушылар:
1.Дәрігер
2.Оқушылар.
3.Ұстаздар.
Сабақтың барысы:

Мұғалiмнiң кiрiспе сөзi: Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.
- Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер-фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Ерғали Нұршат дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.
Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер-фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.

- Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?
1 оқушы:
- Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін?
Дәрігер: - Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.

2 оқушы:
- Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады?
Дәрігер: - Туберкулездi анықтаудың бiрден-бiр жолы - қақырық тексеру.
Егер науқас:
- Үш аптадан аса жөтелсе;
- Қан түкiрсе;
- Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса;
- Үш аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.

3 оқушы:
- Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар?
Дәрігер: - Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр.
- Дұрыс емдеу аурудың алдын-алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.

1 оқушы:
- Аурудың көбею себептері неде?
Дәрігер: - Аурудың көбею себептерінің бiрi, емнің дәрігерлер тарапынан дұрыс тағайындалмауы. Соның салдарынан:
- Науқасқа ем қонбайды;
- Аурудың қоздырғыштары дәрi-дәрмекке төзiмдi болып алады;
- Науқас аурудың таралу көзіне айналады;
- Ал дұрыс емделмеген жағдайда бұл аурудың көбінесе өліммен аяқталатыны белгiлi.

2 оқушы:
- Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады?
Дәрігер: Мұндай науқастардың қақырығын, төсек орнын және т.б залалсыздандыруда мыналарды ескеру қажет:
- Тікелей түскен күн сәулесі туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде өлтiредi.
- Туберкулез бактериялары 600С-қа қыздырғанда 20-минутта, 700С қа қыздырғанда 5 минутта қырылады.
- Қолданылған қағаз , қол орамалдарды дереу өртеп жіберу керек.
- Науқастың көрпе-төсенiштерiн желдету және күнге жою оларды залалсыздандыруда ең жақсы әрі қарапайым әдiсi.

Мұғалім: Ендi балалар туберкулез ауруы туралы сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру туралы ойларымызды қорытындылап, оның алдын-алуы туралы айтып өтейік!
- Аш жүру немесе жөнді тамақтанбау адам ағзасының ауруға қарсылығын азайтатыны – дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық. Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлатады.Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де организмді әлсiретiп, оның ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз.
- Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты болудың кепiлi.
Денсаулығыңды ойласаң (ойын )

Мұғалім: Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.

Карточкалар үлестіріледі. (Мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі,
Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,
Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жалқаулықтың жан күтімі.
Екі қолды ұстайды.
Темекінің көк түтіні,
Екі өкпені ыстайды.
6. Ішпеген, шылым тартпаған,
Денсаулығын сақтаған.
7. Жабылады шарабыңды ішерде,
Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
8. Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
9. Адам арақты ішеді,
Арақ ақылды ішеді.
10. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
Одан кейін өзгелерді сақтандыр
Қорытынды.
Үй тапсырмасы.
Туберкулез тақырыбына суреттер салу, денсаулық туралы нақыл сөздер жазып келу. «Менің денсаулығым – менің байлығым» тақырыбына әңгіме жазу.

БҚО, Шыңғырлау ауданы
Тасмола ОЖБББМ
Китарова Лайла Толыбаевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×