Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік тіл мәртебеміз

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл мәртебеміз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы, бедел - мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан - жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.
Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт - дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін жыл сайын біздің мектебімізде дәстүрлі тіл мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты тіл апталықтары жоспарлы түрде жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».
Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.
Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол жеткізуге болады.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: қазақ тілі туралы мақал - мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, оқушылар шығарған қабырға газеттері, қаттамалар, оқушылар шығармалары.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІІ. Негізгі бөлім.
1 - жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.
2 - жүргізуші: Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.
1 - жүргізуші: Талғат, сен білесің бе, Қайда жүрсем де, қандай адам болсам да бақыттымын деп сезінемін. Бақытымның бастауы – халқыма бас иемін. Халықты сүйген соң, туған тілімді де сүйемін, сол тілде жырлағым келеді.
2 - жүргізуші: Қымбат, мен де сен сияқты өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дала тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
1 - жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ортаға бүгінгі сайыс сабағына қатысқалы отырған «Білімділер» мен «Қазақстан» тобын шақырамыз.
1 - жүргізуші: Мерекеге бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
«Елім менің» әні орындалады.
2 - жүргізуші: Ал енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Оны біз бүгін өткелі отырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызда көз жеткізбекпіз. Сайыс сабағы әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе таныстыру.
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін, шығарған қабырға газеттерін түсіндіріп, ұранын айту керек.

Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата - дәстүр салтына.
(Әр топ өзін - өзі таныстырады).
1 - жүргізуші: Екінші бөлімде «Тақырыптық әңгіме құру»
Қазақпыз – қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.
Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,
Сайысқа түскен және тұлпар мініп.
Берілетін тақырыптар: «Қазақстан», «Наурыз», «Қызылорда», «Қазақтың әдет - ғұрыптары»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен.
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.
2 - жүргізуші: Мақал - мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал - мәтелдерге арналады. «Кім көп мақал - мәтел біледі?»
Мысалы:
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ
Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.
Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады
Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады.
Құрманғазының «Серпер» күйі орындалады
1 - жүргізуші:... Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Кешіміздің 4 - бөлімі ақындардың өлеңіне арналады.
«Білімділер тобы»:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
«Қазақстан» тобы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
«Білімділер» тобы:
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлап.
Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».
«Қазақстан» тобы:
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте,
1 - топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2 - топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М. Дулатов «Бақытсыз Жамал»).
10. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).
Ән. 8 «А» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай».
- деп енді ортаға топ басшыларын шақырамыз.
IV. Қорытындылау.
Мұғалім: Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап бағып қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз
Ана тілің кім аялай білмесе
« Анасынан безген ұл»деп санаңыз.
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б. Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір - бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.
«Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
Оқушыларды марапаттап, болашақтарына табыс тілеп, еңбектерін бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
Ана тіліңді құрметте

Ана тіліңді құрметте

Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×