Сайтқа кіру Тіркелу

Сыр сұлуы (Би байқауы)

Сабақтың тақырыбы: Сыр сұлуы(Би байқауы)
Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр - сырын үйрету.
1 - жүргізуші
Сәлем - анам - алтын күн
Сәлем қартым - халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық бюолсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
2 - жүргізуші
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі Сыр сұлу бишілер байқауына өз өнерін көрсетуге бишілердің өнерін тамашалайық.
Сонымен алдарыңызда................................................................................................................. қарсы алайық
1 - жүргізуші: Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері би қимыл - қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды
2 - жүргізуші:. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
. 2 - жүргізуші: Сонымен келесі кезекте өнер көрсетен
..............................................................................................................................................
1 - жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қмыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тірмшілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
2 - жүргізуші: Ен деше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы біздің еліміздің табғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар екен көре лік.
1 - жүргізуші: Келесі кезекте өнер көрсететін.................................................................................................................... қарсы алыңыздар.
2 - жүршгізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
1 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишіміз
Көрінген көштің басынан.
2 - жүршгізуші: Алдарынызда.............................................................................. бишілер тобы.
1 - жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.
2 - жүршгізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой
1 - жүргізуші: Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
2 - жүгізуші: Сайысымыздын келесі додасы жастар биіне кезек берейік.
1 - жүргізуші: Сонымен........................................................... қарсы алайық.
2 - жүгізуші:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала
Әр адамда өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері түп қазығы, айбыны
Туған тілі - сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт - санасы - тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
1 - жүргізуші
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, тілі, өнері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен ана әлдиінен, ананың қасиетті сөздероінен қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.
2 - жүгізуші: Бүгінгі сайысымызды қортындылауға әділқазы алқасына сөз кезеген берейік.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×