Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық ойын - халық мұрасы

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,
оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып
отырғандығы туралы мағұлмат беру
Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде
көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай
түсуге тәрбиелеу
Қолданылған көрнекіліктер:
Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару
Кіріспе сөз:
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі.
Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ
Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты
Мұғалім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік.

Әзір титтей бойымыз
Әзір балаң ойымыз
Тек қуамыз ойын біз
Ұзарады бойымыз
Толысады ойымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
10 – ға толған батырмыз
Кел, қанекей, келіңдер
Тамашаны көріңдер
Бізде қызық ойын бар
Барлығың ден қойыңдар

Атты баптап
Түсеміз біз көкпарға
Күш болмаса өзіңде
Қаларсың аунап көк шаңға
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ер балалар көкпар ойынын ойнайды.

Бәйге міне басталды
Қосылдым менде шетінен
Озып шықсам егерде
Әжем сүйер бетімнен
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Қалған оқушылар бәйге ойнына қатысады.

Ала алмасаң теңгені
Мазақ қылар көпшілік
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік
Бір қыз оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ теңге алу ойынын көрсетеді.

Кімнің көзі қырағы
Жамбы атуға шығады
Кім тигізсе жамбыға
Сол елінің ұланы
Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Екі топ жамбы атудан жарысқа түседі.

Палуан болу оңай ма
Қажет оған көп айла
Сол үшін біз аянбай
Көп күрестік көгалда
Бір оқушы ойын шартын түсіндіреді. Ойыншылар күреске шығады.

Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес бірлікте
Керек екен соны ұқтық

Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.
Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс.
Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай....
Қазақ халқының ұлттық ойындары

Қазақ халқының ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты: Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып...

"Ханталапай" ойыны

Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін...
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...
Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы Ұлттық ойындар: Дене тәрбиесінде. Сабақ тақырыбы:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×