Сайтқа кіру Тіркелу

Тарихқа тағзым

Мақсаты: Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу, ұрпақтарды адал сезімге, адамгершілікке тәрбиелеу, шын патриот етіп шығару
Әнұран айтылады
I бөлім
1 - жүргізуші: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Бейбітшілік Осы ұғымдардың салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2 - жүргізуші: Иә, тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. 1 - оқушы: (Қаныбек)
Қазақ деген асқақ тұлға мен боламын!
Өткізген талай өмір, жол бұрқанын
Серпілтіп ашып тастап айқындалдым,
Өмірдің мына ауыр көк тұманын
2 - оқушы: (Арайлым)
Көрдім ғой шабуылын монғолдың да,
Тарттық ғой азабын біз жоңғардың да
Отары орыстардың болсам - дағы,
Құдайдан басқасына табындым ба?
3 - оқушы: (Дархан) Біз қазақпыз, қазақпыз,
Тағдыры — қазақ ғажаппыз.
Егемендік жолында,
Табанды талай қажаппыз.
Азап та талай шеккенбіз,
Елеулі ерлік еткенбіз.
Қазақтыққа сыйынып,
Азаттыққа жеткенбіз.
Айтылып біткен дастанбыз,
Тіл қатып жатқан тастармыз.
Бостандық үшін аянбай, Кесіліп кеткен бастармыз.
Жоңғарларды жыққанбыз,
Қалмақты көрге тыққанбыз.
Бабаның атын ұран ғып,
Даланы қорғап шыққанбыз.
4 - оқушы: (Сымбат)
Домбыра тартсақ ақынбыз,
Дулыға кисек батырмыз. Тағдырдың жүгін арқалап,
Бүгілмей келе жатырмыз.
Жалғаным емес, шындығым,
Тәуекел кескен кіндігім,
Қазақ деген қажетім,
Қазақ деген құнды ұғым.
Сақтар менен ғұндармыз,
Бұлттарды қырыққан шыңдармыз.
Тартылып жатқан күйлерміз,
Айтылып жатқан жырлармыз.
1 - жүргізуші: Қазақ жері, қазақ елі талай - талай ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Жалпақ ел дүр көтеріліп, өткір найза ұшы қанға боялған сұм заманда хан Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Түкеұлы Райымбектің де атой салып, қолы жау жағасында ойнағанын бүгінгі ұрпақтары мақтан етеді.
2 - жүргізуші:« Балбырауын» күйі
1 - жүргізуші: Сахналық көрініс «Қазақ батырлары»
5 - окушы: (Мәди)
Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес
Батырлары, қазақтың батырлары!
6 - оқушы: (Жасұлан)
Бойда қызу қан ойнаған жігерлі, Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік,
Батырлар ол - елдігімнің тірегі.
2 - жүргізуші:«Қаражорға» биі

II бөлім
1 - жүргізуші: ХХ - ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсiз. Өйткені, бiр ғана Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың өзi қаншама ұрпақты қайғы - қасіретке душар етті. Дүниені дүмпуімен теңселткен екінші дүниежүзілік соғыс өртінің өткеніне, халқымыздың Ұлы Жеңісіне 65 жыл толады. Бүкіл прогресшіл адамзат Жеңіс күнін жылда салтанатпен атап өтеді. 2 - жүргізуші: 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те фашистік Германия тұтқиылдан Совет Одағына соғыс ашты. Ұлы Отан Соғысы басталды. Осы қырғын соғыстың құрбандығы болған 20 миллион Совет адамы барша халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Отан үшін жанын пида еткен ағаларымыздың алдында бас иеміз. "1 минут үнсіздік". Бүгінгі ұрпақ сол аға ұрпақ сыйлап кеткен бостандық пен бейбітшілікті берік сақтауға тиіспіз. 6 - оқушы: Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырды. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды. Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырды. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды
7 - оқушы: (Динара)
Отаным еркелейік өзге кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша кабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
8 - оқушы: (Жансая)
Қазақстаннан құралған гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. Осы дивизияның 28 жауынгері 50 танкке төтеп берді. Жаудың қара темірінен батырлардың табандылығы асып түсті.

9 - оқушы: (Ақмырза)
Даңқ қосып даңқына,
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқына,
Ерлігімен өтеді.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.
10 — оқушы:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп,
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік
1 - жүргізуші: Қазақстандықтар осы соғысқа қатысып, майданда жаппай ерлік көрсетті. 518 қазақстандық "Кеңес Одағының Батыры" атағын алды. Соның 97 - сі қазақ.
Мыңдаған қазақстандықтар Кеңес өкіметінің орден, медальдарымен марапатталды.
11 - оқушы: (Бексұлтан) Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы 100 жаста. Алғашқы ұрыстарда рота, батальон, полк, дивизия командирі дәрежесіне дейін жетті. Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалықтар жасады.
12 - оқушы: (Аслан) Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітірді. Әскери - педагогикалық жұмыспен айналысты. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғарғы атақ берілді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. 2 - жүргізуші: «Бауыржан майдан даласында» сахналық көрінісін тамашалау.
13 - оқушы: (Қаныбек)
Намысынан халқының жаратылған
Көзінде отты жасын бар,
Сан жырлар оны жаңа ұрпақ.
Келешек,
Ұлы ғасырлар
Баукеңе қарар таңырқап!
Жеңілден безіп әманда,
Үлесін алған ауырдан,
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды
Қайсар Бауыржан!
Аялап оны алыста
Тербеген дала бесігі.
Бауыржан болып
Соғыста Жарқ етті
Қазақ есімі!
14 - оқушы: (Дарын)
Өрт кешкен отты жылдарда
Шынығып өсті өр тұлға.
Сүйеу боп
Сұрапылдарда
Даласы тұрды артында.
Болса да бірі жалпының
Көрмеді оған дарып оқ!
Өзінің туған халқының
Қалды Ол —
Аппақ ары боп!
Жықпастан туын Елдіктің
Жеткіз деп келер таңдарға
Тапсырды:
Өрлік,
Ерлікті —
Болашақ Бауыржандарға!
1 - жүргізуші: Қан майданда ерлік көрсеткен қазақ қыздарының қаһармандығын ұғындыру елжандылық сезімді қозғайды. Шығыс халқының ішінде қазақ қыздары қай заманда да ер - азаматтармен бірге жойқын соғыстарға қатысты. Отан қорғауға 5183 қазақтың қыз - келiншектерi қатысыпты Ер намысынан кем түспейтін намысты, батыр қыздар ішінде Әлия мен Мәншүктің шоқтығы биік. Ерлік істер ешқашан ұмытылмақ емес.
2 - жүргізуші: Қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл - қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыз да бар. Олар: қазақ қызы Мәдина Ысқақова Кожедубтың 120 әуе шайқасында бірге қатысты. Даңқты 100 - шi қазақ атқыштар бригадасының әскери дәрiгер Мәриям Сырлыбаева шынайы ерлiктiң үлгiсiн паш еттi, гвардия лейтенанты Хиуаз Доспанова, ұшақтың механигi Дәмелi Жәкеева, зениттi артиллерия расчетiнiң командирi Ақлима Ақжолова, танкистер Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмила Талқанбаева, пулеметшi Жәмилә Бейсенбаева, тағы - тағы сол сияқты көптеген қаһарман қазақ қыздары Отан үшiн жанқиярлықпен шайқасты.
1 - жүргізуші: Шығыстың қос шынары
15 - оқушы: (Шапағат )
Елім деген қазақтың әр ұланы
Өздеріңе ұқсасам деп ұғады.
Жастарымның өнегесі мәңгілік
Рухысың — шығыстың қос шынары.
Қырғын соғыс кім - кімді де сынады,
Жеңеді оны мол рухы жоғары.
Жан алысып, жан беріскен сәттерде
Айқындалар адамзаттың қыраны.
16 - оқушы: (Шолпан)
Оларды әркез ұрпақ үлгі қылады,
Оларға ұқсау әр өреннің мұраты.
Батырлығы Әлия мен Мәншүктің
Бүгінгі жас ұландардың жыр, әні.
Шығысқа тін қасиеттің тұрағы,
Жауларына кешірімсіз, қырағы.
Қарапайым қазағымның қос қызы
Отаншылдық үлгісі боп тұрады.
17 - оқушы: (Шахризада)
Әрқашан әділдік жеңеді. Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Фашизмнің орталығы Рейхстагқа батыр ағамыз Рақымжан Қошқарбаев алғашқылардың бірі болып ту тікті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.
18 - оқушы: (Шыңғыс)
Жеңістің 20 жылдығына байланысты Рақымжан Қошқарбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевтың 85 жасқа толуына орай «Халық қаһарманы» атағы берілді.
19 - оқушы: (Маржан)
Жеңіс!
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама Жеңіс келді әке боп Елдегі бар балаға Жеңіс келді ән болып Келді ақылға сән – көрік Жеңіс келді, алақай, Тоя жейтін нан болып!
2 - жүргізуші: ән «Бейбітшілік сақталады»

III бөлім1 - жүргізуші: Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы «өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сезбен түсіндіру мүмкін емес. 2 - жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi – қазақ халқының ұлы мақтанышы, әрi ұлы қасiретi. Мақтанышы болатыны, Желтоқсан көтерiлiсi Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы болды. Қасiретi болатыны, Желтоқсан көтерiлiсiнен кейiн қазақ халқына ұлтшылдық айыбы таңылды. Қанша мыңдаған қазақтың жiгiттерi мен қыздары, олардың ата - аналары зардап шектi. Бiрақ қай кезде болмасын әдiлдiк өз туын көтердi. 20 - оқушы: (Ләззат)
Желтоқсанда. Алматада, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
21 - оқушы: (Аида)
Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
22 - оқушы: (Бексұлтан 3 а)
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
1 - жүргізуші: Көрініс: Ерте солған гүл
23 - оқушы
Азаптады қарақшылар қанқұйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып тендігі үшін халқының,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
24 - оқущы:
Елі үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене.
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
25 - оқушы: (Гүлнұр)
Желтоқсан - сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан - сен азаттықтың жыр - әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан - болашағы елімнің.
26 - оқушы: (Мирас)
Қалықтасын көгімізде қыран қүс,
Ерлігіміз болсын елге жыр - аңыз.
Ата - бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе, тәубе, мың алғыс!
27 - оқушы:
Алау етiп, жалау етiп намысын,
Өз ұлтының тiлi, рухы, ары үшiн,
Желтоқсанда қаза болған қос қыран,
Қарап жатыр бiзге жердiң астынан.
Қарап жатыр уыз бала қалпында,
Ел аңсаған өжеттiк бар парқында.

Қарап жатыр екi қайсар асқақ ән
Жiгерсiзге – намысы өле бастаған,
Рухсыздыққа қоныстана бастаған,
Ұлтын жығып орыстана бастаған,
Мұңы қарын мүддесiнен аспаған,
Туған тiлiн жел өтiне тастаған,
Сатқындықта басқа мiнез, басқа заң.
О дүние - ай, желтоқсандық қос қыран
Қарап жатыр саған жердiң астынан...

“Ұлтың үшiн, тiлiң үшiн өр бол,
Өр болмасаң өр болғанға төр бол.
Егер, егер... ұлтты сақтай алмасаң,
Сақтар күштi тiптi жақтай алмасаң,
Бүйтiп тiрi жүргенiңше бор бол,
Рухын сатқан ұлтсыздарға қор бол”, –
Деп тұрғандай Ләззат пенен Ербол.

2 - жүргізуші: Біз баянды бейбітшілік үшін, аспанымыз ашық, көңіліміз шат, өміріміз бақытты болу үшін күресеміз. Біз ядролық қарудың не екенін білеміз, сондықтан да осы өлім сепкіш қарулардың жойылып, бейбітшілік болуын тілейміз. Бәріміз бейбіт күні, бейбіт өмір, бейбіт аспанды қастерлей білейік.
"Әрқашан күн сөнбесін" хор.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Естен кетпес отты жылдар

Естен кетпес отты жылдар

Аға - апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту....
Ұлы даланың батыр қыздары

Ұлы даланың батыр қыздары

Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...
9 мамыр тәрбие сағаты сценарий

9 мамыр тәрбие сағаты сценарий

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі...
«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты

«Жеңіс күнімен, Ардагер!» тәрбие сағаты

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...
Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×