Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ана саған табынам

Тақырыбы: «Ана саған табынам»
Мақсаты: 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі туралы ұғымды оқушыларға түсіндіру. Ата - аналарды мектеп өміріне қатыстыру. Қыздарды әдемілікке, сыпайылыққа, әсемдікке баулу.
Ортаға жүргізуші ұлдар шығады.
- Армысыздар, адалдықтың ақ туын желбіретіп, көктем күніндей, барлықтардың жүректердің елжіретіп, ардақты асыл аналар!
- Сіздерді Сегізінші наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
- Ақпанның ақ дауылын, ақ мамық бұлтын серпіп тастаған, наурыз - көктемнің шымылдығын бозбаладай ентіге, орындап ашып, мереке төріне келіп отыр.
- Ендеше
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған,
Даламның әр гүлін
Жинадың сен маған.
- Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарың
Өзіңе арналған, дей келе «Ана, саған табынам» ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Сөз кезегін «Ана туралы» әніне береміз.
• Өткен күнге көз салып қарасаңыз,
Әр дәуірдің жылдарын санасаңыз.
Мейлі ұлық болғанмен, мейлің дана
Әйел ана алдында алғыстамыз.
Құттықтау сөзін сынып жетекшісі Дәрігүл Сайынқызына береміз.
- Ана … ана бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің жарығы, анаға деп әр бала өз лебізін білдіреміз дейді
Ортаға Ақтоты, Радина және Аружан шығады.
• Ана деген асыл есім көркем,
Ғажап едің анашым сен неткен.
Осы күнге мені жеткіздің сен,
Сенімімді ақтаймын ана мен.
• Өмірде Ана - бақыт, Ана - пана,
Өмірде өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер, талай ақын, талай ана.
Асылбекова Ақтотының орындауында «Ана жыры» әні.
• Ана өмiрдiң нұры ғой,
Жанып тұрар күнi ғой.
Аналарды құрметтеу
Бәрiмiзге мiндет қой.
• Мерекең келе жатыр алдағы
Қуантуға тырысамын мен - дағы
Үлкен сыйлық болмаса да қолымда
Арнаймын мен пәктiк асыл сөзiмдi.
Сөз кезегін Дариға, Айнұр, Аружанға береміз.
• Олай болса, сіздермен, Аналар сергіту сәтін ұйымдастырып, мақал - мәтел айту түрінде сайысымызды өткіземіз. Мақалды мен бастайын, сіздер жалғастырып айтыңыздар. Кім ең көп жауап береді?
1. Тойдың болғанынан … (боладысы қызық)
2. Таз таранғанша… (той тарқайды)
3. Әншейінде ауыз жаппас… (той дегенде өлең таппас)
4. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
5. Бала жетіге келгенше… (жерден таяқ жейді)
6. Ұяға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
7. Қыз жоқ жерде… (қызық жоқ)
8. Әкенің жақсылығы… (жездедей - ақ)
9. Астың дәмін тұз келтірер… (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
13. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
14. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
15. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
16. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
17. Баланың ұяты әкеге… (қыздың ұяты шешеге)
18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
Сіздерге арнап « Балбырауын» атты күйін қыздар орындап береді.
• Өмiр жасың ұзақ болсын анашым
Осы менiң саған айтар тiлегiм.
Бақыт қонып, жас қосылсын жасыңа
Гүлдей жайнап, құлпыра бер, анашым.
• Ойлап көрші анадан не қымбат - ә!
Зор кінә ғой ана жайлы тіл қатпау.
Талай ана сәби үшін ұйқысыз,
Тал бесігін таянумен түн қаттау.
«Үш бала» биін тамашалаңыздар.
• Күндеріңіз толсын гүлге желекке,
Отбасында болсын ырыс, береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмip - думан, бақ әкелсін мереке.
1. «Анамның дауысы» ойыны.
Құрметті аналар, қазір сіздер бір - бірлеп, өз балаңызды шақырасыз. Мысалы, ұлым немесе қызым деп, ал атын атамайсыздар. Қай бала анасының дауысын таниды екен?
2. Гүл өмірдің, шежіресі, байтағы
Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады
Адамға адам ең әдемі тілегін
Қадамына гүл бітсін деп айтады.
Біздің орындауымызда «Анашым» әні

Сіздер үшін біз өз сыйлығымызды жасадық.
(сыйлықтарды тарату)
Құрметті аналар, әжелер алтындай уақыттарыңызды бөліп, құрметтеп қонағымыз болғандарыңыз үшін алғысымызды айта отырып, көріскенше күн жақсы болғай деген тілек айтамыз
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету