Сайтқа кіру Тіркелу

Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде

Тақырыбы: «Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсінік беру, оның қоғамдық өмірдегі алатын орны жайлы айту, қазақ тілінің қасиетін түсіну, туған тілді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің мағыналы сөздерінің түпкі ойын түсіне білуге үйрету. Оқушылардың қабілет деңгейлерін саралау.
Түрі: интеллектуалды сайыс
Көрнекілігі: мерекелік безендірулер, мақалдар, ұлағатты сөздер жазылған плакат, кеспе қағаздары.
Барысы:
1. Құрметті ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар бүгінгі 6 - класс оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде» атты 22 - қыркүйек «Тілдер мерекесіне» арналған интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл кешімізде қазақ тілі, оның мәртебесі, ана тіліміз – мемлекеттік тілді қалай меңгеріп жатқандығы жайлы сөз болмақ. Сондықтанда намысқа тырысып, тіліміздің мерейін асқақтату үшін тілімізді қорғап, қолдап жүрейік.
2. Ана тілім – бәрін айтар шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам білдірем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.
3. Ендігі кезекте бүгінгі сайысқа түсетін топтарды ортаға шақырайық!
4. Сайыскерлеріміздің сайысқа түсер кезеңдерімен таныс болайық!
1. Таныстыру
2. Тұрақты тіркес
3. Сөз тапқанға қолқа жоқ
4. Сөз асылы – мақал
5. Сұрақ - жауап
6. Ақын ұлттың жүрегі
7. Шешендік өнер
8. Көрермендермен сайыс
5. Сайыскерлеріміздің сайыс барысындағы деңгейлерін сараптап - саралайтын әділ - қазы алқалар мүшесімен таныс болайық:
1.
2.
3.
Таныстыру кезеңіне кезек береміз (әр топ мүшелері таныстырылады, ұраны және топтың өлеңі айтылады)
Тұрақты тіркес сайысында топтарға тұрақты тіркес беріледі оқушылар оның мағынасын ашу керек.
1. Қыздың жиған жүгіндей (әдемі, жинақы)
2. Ат терісін басына қаптады (ұрысты)
3. Айы оңынан туды (жолы болмады)
4. Тас бауыр (жаны ашымау)
5. Азар да безер болды (мазасызданды)
6. Жаны мұрнының ұшына келу (зәресі ұшу)
Оқушылар тақпақ оқу: Асылбекқызы Гүлім
ҚР-ның «Тіл туралы» заңының 4 - бабында: «ҚР - ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарды жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ның әрбір азаматының парызы» - деп көрсетілген.
Келесі сайысымыз «Сөз тапқанға қолда жоқ» деп атады. Алдарыңызға таратылған әріптер бар. Сұрақтар беріледі сол сұрақтарға жауап беру үшін сол әріптер пайдаланылады. Жауап сол әріптен басталуы керек.
1 - топ сұрақтары:
1. Досың кім?
2. Ертегі оқисың ба?
3. Анаңның аты кім?
4. Қай пәнді жақсы көресің?
5. 22 - қыркүйек қандай атаулы күн?
2 - топ сұрақтары:
1. Сенің есімің кім?
2. Кемпірқосақты қашан көруге болады?
3. Кімге сәлем жолдайсың?
4. Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
5. Бүгінгі мерекеге қандай тілек айтасың?
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының байлығы, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық тіресе алатын іргелі ел бола алады. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, икемді, бай тілдердің қатарына жатады.
Келесі сайысымыз «Сөз асылы – мақал» мақалдар сайысы.
1. Мыңнан біреу – көсем, жүзден біреу – шешен.
2. Сөйлей - сөйлей шешен болар, көре - көре көсем болар.
3. Тіл қаруы сөз, сөз қаруы ой.
4. Тіл – шекер, бала – кетер, байлық – бекер.
5. Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады.
6. Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.
Оқушылар тақпақ оқу: Райымбек, Ержан, Айзат, Аслан
Келесі кезеңіміз «Сұрақ жауап»
1 - топ сұрақтары:
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
3. “Мен таулықпын” өлеңінің авторы кім?
4. “Ерте келген тырналар” хикаятының авторы кім?
2 - топ сұрақтары:
1. Лексика дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
3. “Бала Шоқан” шығармасының авторы кім?
4. “Өзім туралы” өлеңнің авторы кім?
«Ақын ұлттың жүрегі» атты кезеңімізде ұлағатты сөздердің авторларын анықтау керек.
1. «Білімдіден шыққан сөз –
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз». (Абай Құнанбаев)
2. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады» (Мұхтар Әуезов)
Оқушылар тақпақ оқу: Диана, Ұлжан
«Шешендік өнер» сайысында оқушылар алдын - ала дайындалған қазақтың шешен, билерінің ұлағатты сөздерінен көрініс ретінде ұйымдастыру керек.
«Көрермендермен сайыс» кезеңінде оқушылар суреттерді ыммен түсіндіру арқылы көрермендердің дұрыс жауаптары арқылы ұпай жинау керек.
Халық бар жерде, тілде бар. Ендеше, тіл проблемасы – халықтың проблема. Ана тілімізді көзіміздің қарашығындай қастерлеу – азаматтығымыздың ең шынайы түрі.
Мадақтау сәті. Сөз кезегін әділ қазылар алқасының мүшелеріне береміз. Жеңімпаздарды анықтап оларды құттықтау сәті.
Сайыскерлер құрметіне «Қазақ биін» 6 - класс оқушылары тарту етеді.
Келесі кездескенше.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Миллионды кім ұтады?

Миллионды кім ұтады?

Авторы: Ярмантович Алмагүл Жұманғалиқызы Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс іс-шара....
Мемлекеттік тіл

Мемлекеттік тіл

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймаханова Г.М Тақырыбы: Мемлекеттік тіл 7 «А» сыныбы...
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×