Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары....

Сабақтың тақырыбы: Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...
Сабақтың эпиграфы:
Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас.
(Қорқыт ата)
Мақсаты: ата - ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, тарихта болған өнегелі әкелер бейнесін, тарихи тұлғаларды үлгі ету.
Жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильм.
Әдісі: сұрақ – жауап, сұхбат, ой қозғау, мәнерлеп оқу, проблемалық сұрақ қоя отырып, іздендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау. Т. Айбергеновтің «Перзент сыры» өлеңі оқылады
Сен – менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға астын.
Сен – менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп – төгем.
Сен – менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?

– Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз қандай тақырып төңірегінде болмақ? - Әке бала, отбасы туралы.
– Бүгінгі сабағымызға әкелерді шақырып отырмыз. Ендеше, олармен танысып алайық.
- Қадірлі ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...» атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сабағымыздың эпиграфы ретінде мен Қорқыт атаның: «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» - деген нақыл сөзін алып отырмын. Ендеше, ата - ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық.

1. Топтастыру. а) «Бала үшін әке кім?» деген тақырыпта балаларға ой тастағым келіп тұр. (Балалар орындайды. Слайд.)
ә) Әкелер: «Сіз қандай әкесіз?» тақырыбында психологиялық тест орындайды.

2. Оқушылар топтастыру бойынша өз ойларын айтады. Тест қорытындысы шығарылады.
3. Слайд: оқушылардың ойларын қорыту.

4. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ. Олай болса, бір сәт өткенге ой жіберіп көрейік.
Әкелерге: Қазақ тәлім - тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай еді? Сіздердің әкелеріңіз қандай еді? Пікірлеріңізді тыңдасақ.
Балаларға: Халқымыздың тарихындағы ел есінде сақталған әкелер бейнесі сомдалған шығармаларды еске түсірейік. Олардың көркем бейнесі суреттелген шығарамаларға тоқтала кетсек. ( Оқушылар үзінділерді мәнерлеп оқиды.)
1. «Абай жолы» романынан үзінді. Құнанбай іс - әрекетінің бала тәрбиесіне қатыстылығы. Абайдың одан тәрбие алғандығы.
2. М. Шаханов шығармаларындағы әкелердің қатал үкімінің бала тәрбиесіндегі орны.
3. Әкеден тәлім алған Елбасы бейнесі

Қаталдық, адалдық, отансүйгіштік, білімділік.
- Бұлар – бұрынғының әкелері еді. Көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, жас әкелерге қазіргі ата ұрпақтың көңілі толмай жатады.
Ой қорғау. Бүгінгі әке қандай? Бейнекөрініске назар аударайық.
1 - көрініс. Бала 4 - сыныпта. Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?
Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?
2 - көрініс. Бала 8 - сыныпта.
- Әке, сіздің қолыңыз бос па? Сізге бір нәрсе айтайын деп едім.
Әке: - Иә, не айтайын деп едің?
- Әке, маған сынып жетекшім: «Ертең ауданда әкелер слеті болады. Соған сізге қатыссын»,- деп еді.
- Жұмыстан келіп, дем алып жатқаным жаңа ғана. Қаншама қағазым бар жазатын. Ай, бара алмаймын - ау, бара алмаймын.
Балаларға: - Сіздерге әкенің әрекеті қалай әсер етті?
Әкелерге: - Сіз балаңыз үшін әкелер слетіне барар ма едіңіз?
3 - көрініс. – Әкесі жұмыста отырады. Баласы тәртіпсіздік жасап, милицияға ұсталады. Милиция әкесіне телефон соғады. Әкенің монологы:
Бұл дүние не боп кетті,
Не боп кетті, ой, балам,
Сені ойламай неге ғана
Тек жұмысты ойлағам?!
Анасы бар, қамқоры ғой
Қарайды деп ойлағам.
Ұлға әке тәрбиесі керегіне
Қалайша ден қоймағам?!
4 - көрініс: Бір – бірімен түсініскен әке мен бала.
- Балаларға: Шығармашылық жұмыс.
1 - топ: Рөл – көріністегі бала
Аудитория - әке
Форма - хат
Тақырып – әке мен бала арасындағы қарым - қатынас. Көріністегі кейіпкеріміз әкесімен кездескенде не айтуы мүмкін?
2 - топ: «Менің әкем» тақырыбында ой толғаңыз.
Ой қорыту.
Бабалар айтады: Әке көрген оқ жонар. Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
Әкелер айтады: Әке нені түсінді? Біздің кейіпкеріміз не істеуі керек? Сіз бүгінгі шарадан қандай ой түйдіңіз?
Балалар айтады: шығармашылық жұмыстарын оқиды.
Біз айтамыз: Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық. Қоғамдағы өзекті мәселеге үн қосайық.
Сабақ Ф. Оңғарсынованың «Әке» өлеңімен аяқталады:
Әкем – біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен,
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да, адамдар таппаса да,
Әке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жақсы әкесін бере ме басқа бала?!
Әке - білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік

Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Әке - шаңырақтың негізгі тірегі

Әке - шаңырақтың негізгі тірегі

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру,...
Әке – отбасының тірегі

Әке – отбасының тірегі

№15 орта мектеп, Өткізген: 7 - сынып жетекшісі Сланбеков А. Қ....
Бала-басты байлығымыз

Бала-басты байлығымыз

Ата - аналарға арналған баяндама «Отбасы және мектеп» Мақсаты: Отбасы және мектеп арасындағы байланысты нығайту арқылы, отбасы тәрбиесінің типтерімен...
Бала -  басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі

Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі

Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар –...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету