Сайтқа кіру Тіркелу

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

Мерекелік концерттік

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»
Құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мейрам күнінде ұстаздармен ата - аналарға мықты төзім, отбасыларыңызға ырыспен береке, шығармашылық мол табыс, бірлік пен бейбітшілік, ал балдырғандарға жақсы оқу, сәттілікпен бақыт, асқақ армандармен және мықты мектеп достығын тілеймін.

Елбасы «Тәуелсіздік туы - білімді ұрпақ қолында» - деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің ертеңі болатын сол білімді ұрпақтың ұстазы – Сіздерсіздер! Бұл бір жағынан үлкен абырой, екінші жағынан жоғары жауапкершілік. Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»

… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін!
1. Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

«Ұстазым» әні орындайтын Наурызғалиева Сымбат.
2. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын жырлағандай, сөзі маржан, үні ән, ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Ән:«Мейірбан ұстаздар»орындайтын Жаленова Айғаным, Өзбекова Аяжан
3. Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен - тегін айтылмаса керек. Ата - анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
ӘН: « Асыл Ұстаз» орындайтын Ахметқали Шерхан
4. Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Н. Байғаниннің әні: «Еңбек туралы жыр»орындайтын Жанұзақова Ақбаян.
5. Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.
Сақтапбергенова Аружанның орындауында Құрманғазы
«Ақсақ киік»
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.
6. Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН: «Аяулы мектебім» орындайтын Өзбекова Аяжан
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М - маман
7. Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: « Нағыз ұстаз» Өзбекова Аяжан, Жаленова Айғаным
8. Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Халық әні: «Саулем - ай» орындайтын Әбдірашева Динара
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Қадірменді ұстаздар осымен сіздерге арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Мерекелеріңіз мерейлі, абыройларыңыз жоғары болсын, қадірлі ұстаздар!

Қазанғап атындағы саз мектебінің мұғалімі Р. Қ. Мұханбедияр
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып....
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...
Мұғалімдер арасында

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
ұстаздар күні

ұстаздар күні

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×