Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күз ханшасы

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіріп, жемістер мен көкөністердің пайдасын түсіндіру, тақпақ, жұмбақ айтып байланыстырып сөйлеу әдістерін үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған плакаттар, балалардың басына киген атрибуттар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін біздің «Бәйшешек» балабақшасының «Күз ханшасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық! – дей келе алдарыңызға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлерімізді шақырайық:
1 - номерде: Жұбатқанова Нұрсая
2 - номерде: Мейірханова Толғанай
3 - номерде: Ыбыраева Салтанат
4 - номерде: Төреғалиева Ақбота
5 - номерде: Тағыбергенова Әлиянұр
Енді осы сайыскерлерімізді сараптайтын сарапшыларымызбен таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Жаниязова Гүлдана
2. ата – аналар комитетінің төрайымы: Абдуллина Жанаргүл
3.
Сайыскерлерге шарттарымызбен таныстырып өтейін:
1шарт Таныстыру
2шарт Өз өнері
3 шарт Сұрақ жауап
4 шарт: Күз би
5 - шарт: Ас мәзірі
6 шарт: Сән үлгісі
Тәрбиеші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ – сары алтын
Айналаның бәрі алтын - дей келе 1 – шарт бойынша №1 сайыскерімізді ортаға шақырамыз. Жұбатқанова Нұрсая.
Енді 2 - шартымыз бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз
3 - шартымыз бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Сұрақ - жауап
1. Еліміздің Президенті кім?
2. Бір тақпақ айтып бер

1. Біз қай елде тұрамыз?
2. Әнұранның бір шумағын айт

1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?

1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Біздің ұлтымыз?

1. Тудың түсі қандай?
2. Біздің Отанымыз қалай аталады?
Тәрбиеші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз – дегендей ортада жеміс - жидектерге берейік:
Арпа - Наурызбек
Қызыл мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап
Малды ауылға тартамын.
Бидай - Дамир
Нан атасы – бидаймын
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Құлпынай – Гүлхан
Піскен кезде құлпынай
Қандай әсем, шіркін - ай!
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін - ай
Шие - Жанель
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Алмұрт - Әли
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім.
Алма - Ғалымжан
Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы
Ондай алма қайда бар
Алматы оның Отаны.
Тәрбиеші:
Шалқып тасып, әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі мерекеде
Би билейміз бәріміз.
Күзгі биге сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз
5 - шартымыз Ас мәзірі үйден дайындап әкелген тағамдарын таныстыру керек.
6 - шартымыз Сән үлгісі Қыздарымызды ортаға шақырайық..
Тәрбиеші:
Шырқаған балапаным өз тілінде,
Күнің шықты алдыңнан сен күлімде
Алтын күзде ән айтып, би билеген,
Құштар болып өнерге, сен білімге – деп балалардың орындауында Ән «Апам үшін»
Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз:
Тәрбиеші: Осымен «Алтын күз» сайысымыз аяқталды, Сау болыңыздар.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету