Сайтқа кіру Тіркелу

Ана тіліңді құрметте (тәрбие сағаты)

Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебі
бастауыш сынып муғалімі Ислямгалиева Ардақ

Тақырыбы: Ана тіліңді құрметте
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, , сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу
Түрі:Дәстүрлі
Әдісі:Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі:Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар
Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің сөзі: Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілінің меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді.

Жарыс 6 сайыстан тұрады:
1. Таныстыру
2. Мақал – сөздің мәйегі
3. Өлең – сөздің патшасы
4. Бәйге
5. Дарын
6. Тіл - қымбат қазына
Жарысқа төрелік ететін әділқазыларды сайлау

- Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым
Тілім менің ұмытылмас тірлігім
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде
Сен болмасаң болар ертең күнім не

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам,
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес, - демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі өте бай, әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам отанында сүйеді.
1. Таныстырудан бастайық. Сөз кезегін «Ұлан» тобы мен «Жігер» тобына береміз
2 сайыс. «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталады. Бірінші топ мақалдың басын айтса жалғасын екінші топ айту керек.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса...бас жарады.
2. Дәлелсіз сөз...желмен тең
3. Ине көзінен сынады...шешен сөзінен сынады
4. Піл көтермегенді...тіл көтереді
5Сөз тьапқанға ...қолқа жоқ
6. Жеті жұрттың тілін біл...жеті түрлі ілім біл
7. Шебердің қолы ортақ...шешеннің қолы ортақ
8. Қақарлы сөз.... қамал бұзар
9. бас кеспек болса да.... . тіл кеспек жоқ
10. Айтылған сөз ...атылған оқпен тең

2-топ
1. бал тамған. тілден ...у тамған
2. Тауды, тасты жел бұзар.... адамзатты сөз бұзар
3. Жақсы сөз.... жарым ырыс
4. Жақсы байқап сөйлер.... жаман шайқап сөйлер
5. Тіл қылыштан...өткір
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі...бой өсіреді
7. жыланның уы тісінде.... адамның уы тілінде
8. Көре-көре көсем боларсың.... сөйлей-сөйлей шешен боларсың
9. Тілден артық...қазын жоқ
10 Сүңгі жарасы бітер...тіл жарасы бітпес

3-сайыс «Өлең-сөздің патшасы»деп аталатын сайыста әр топтың оқушысы Ана тілі жайында жазылған өлеңді жатқа айту керек
1. С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді –анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Ең бірінші сол тілімен сыртқа шықты
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім

2. Туған тілім-бабам тілі-өз тілім
Туған тілім-анам тілі –өз тілім
Туған тілім-далам тілі –өз тілім
Туған тілім –адам тілі -өз тілім
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар Д. Әбілов

3. Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері-түп қазығы айбыны
Туған тілі –мәңгі өнеге айдыны
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы М. Шаханов

4. Тілім менің
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, Рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным Ш. Айтматов

4 «Бәйге» сайысында оқушылардың білімдері сыналады. сұрақ-жауап сайысы
1. ҚР қашан тәуелсіздік алды 1991 ж16 желтоқсан
2. Күй атасы кім
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады
4. Абайдың әжесі
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің
6. балаларды оқуға шақырған Ыбырай атамыздың өлеңі қалай басталады
7. қазақтың тұңғыш ғарышкері кім
8. Тіл туралы заң қашан қабылданды
9. Тұрақты сөз тіркесінің мәнін аш (Жарғақ құлағы жастыққа тимеу - мазасыздану)
10. Төбе шашы тік тұрды - шошыды

2-топ
1. қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды 1989
2. Абайдың туған жылы 1845
3. ақылды сөзінің түбірі
4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім
5. Ұлттық киімдер ата
6. Беташар қай кезде айтылады
7. Қазақша «Кітап» орысша .... ағылшынша...
8. Қас пен көздің арасы - лезде
9. қара қылды қақ жару - әділ
10. Күн тигізбей өсірген - мәпелеп

5-сайыс «Дарын» 1-топ өлең шумағының жалғасын аяқтай керек. 2-топ «Ана тілі»
Тақырыбына эссе жазу керек
1. Мен ұйықтарды айтады
Ертегісін, әндерін
............
2. Жауды жаңбыр топ –топ
Шелек-шелек көп-көп
.........
3. Ана тілді сүйіп өтем,
Барлық тілден биік екен
.............
4. Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
..........
2-топ. Эссе жазу «Ана тілі дегеніміз .......

6-сайыс «Тіл-қымбат қазына» Көрініс көрсету
1-топ Көрініс «Төле бидің жұмбағы»
2-топ Көрініс «Сөз қадірі»

Сайысымыз аяқталды.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау
7. Марапаттау
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×