Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қош бол, алтын ұя мектебім!

1- жүргізуші. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
2- жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар, 9-сынып түлектері, мектеп шәкірттері!
1- жүргізуші: Баршаңызда куәлік алу рәсіміне қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2- жүргізуші. Еңбегін ел мерейін асыруға жұмсаған аяулы ұлдары мен қыздарының даңқын асырған тарихи кезеңдердің айтулы мерекелерінің бірі саналатын куәлік тапсыру кеші біздің мектебімізге де келіп жетті.
1- жүргізуші: Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата – салтың, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-ана, мектебіңе.
Өскен ұя, ордаңды ұмытпағын.

2- жүргізуші: Өлкесінің айналсын ертеңіне,
Сенімдердің айналсын серперіне.
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып,
Тек сәттілік, елімнің ертеңіне.

1- жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді қарсы алайық ағайын
(түлектер екі - екіден шығады)

2- жүргізуші: Алдарыңда жол жатыр таралған мың,
Шақырады қол бұлғап сан арманың.
Жеткіншектер жеткізіп мұраттарға,
Орындаңдар әке мен ана арманын.

1-жүргізуші: Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ бүгін сан түлек
Айтылар бүгін сан тілек.
Егілер бүгін сан жүрек
Ән: 9-сынып түлегі Гүлсімнің орындауында «Бір үміт» әні

2- жүргізуші: 9-сыныпта 20 оқушы бар. 11ұл бала, 9 қыз бала. Ұл балалар – аса қуатты, шапшаң. Олар күйіп-жанып, асығып жүреді. «Асықсаң да жұртқа күлкіге қалмайсың» деген мақсат бойынша өмір сүреді.

1-жүргізуші: Қыз балалар мінездер жағынан - сабыр періштелер. Бірақ анда-санда шыдамдары жетпей, күйгелектенеді. Олар асықпайды, сабақтарда ұстамды, «ақырың жүрсең алысқа жетесің» деген мақсатпен өмір сүреді.
2-жүргізуші: Бұл сынып өздерінің жанжалдарын ешкімге тыс шығармайды. Мектеп өмірінен оларға өте ұнайтыны – демалыс және дискотека.

1-жүргізуші: Олардың сүйікті пәні – теледидар мен компьютер. Қорыта келе бұл сынып өте татулы, әрдайым бірге жүреді.
Көрініс 9-сынып оқушылары
2-жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс балаға берген - білім, мейірім, қамқор, пейіл. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздардың бірі 9-сынып түлектерінің алғашқы білім берген ұстазы.

1-жүргізуші: Алғаш қалам ұстатып,
Оқыттыңыз әр сөзді.
Ұшсақ та шалғай қияға,
Ұмытпаймыз, алғашқы ұстазды Гүлбахыт Амангелдіқызын
2-жүргізуші: Сыныпты келдіңіз басқарып,
Көрмедіңіз ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегеніңіз қас қағым.

1-жүргізуші: Еңбегіңіз жанып, күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Бірге өткізген күндерің қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Мың алғыс, Сізге Ерлан Осербайұлы.
(құттықтау сөзі беріледі)
Би: Вальс
2-жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде алтын ұяң – мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!

1-жүргізуші: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген,
Үлгілі әр кез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз:
Айырылар кезде қимаймыз.

2 жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз - деп келесі сөз кезегін мектеп директоры Искакова Баян Неғметқызына беріледі. (куәлік тапсыру сәті)
Ән: 9-сынып түлегі Мадиғаж Ақнұрдың орындауында « » әні

1-жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашан да,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.
2-жүргізуші: Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр, аңғарына.
Ата-анадан бақытты барма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына
Келесі құттықтау сөз 9-сынып түлектерінің ата-аналарының атынан: ______________ беріледі.
Ән: 9-сынып түлектерінің орындауында «Школа» әні

1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»- деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.
2-жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!
1-жүргізуші: Сәт сапар, ақ жол, құрметті түлектер!

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы, Талшық селосы тәрбие ісінің меңгерушісі және
тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету