Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстаз – мектептің жүрегі

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақжар ауданы, Талшық селосы
тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі
Ақтаева Бақыт Абайқызы


/Сахна сыртынан жүргізуші/
Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға
Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.
Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған
Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!
Көз алдыма елестейді бір алып
Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.
Ақыл алып келе жатыр өзіңнен
Өзіңменен келе жатыр нұр алып.
(ортаға жүргізушілер шығады)

1 – жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым, ардақты ұстаздар!
2 – жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1– жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде үлкен мерекелі күн. Осы қазан айы ұлы мерекелерге толы. Қазанның алғашқы күні – ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
2– жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

1– жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын.!
2 – жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады. – дей отырып, ашық мерекелік кешімізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер. 6 сынып оқушыларының орындауында «____» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! – мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры Искакова Баян Неғметқызына беріледі.

2 – жүргізуші: Мектепте ұстаздар мерекесі қарсаңында оқушылар арасында 7 номинация бойынша сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
1. Ең белсенді ұстаз –
2. Ең сұлу ұстаз –
3. Ең білімді ұстаз –
4. Ең қамқор ұстаз -
5. Ең ардақты ұстаз –
6. Ең мейірімді ұстаз -
7. Ең сүйікті ұстаз -
Көрініс: 10 сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.
Би: 11 сынып вальс

1 жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еңселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, Ұлы Әуезов тілімен айтсақ «Алғашқы артқы жасқа жақсы тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей алдыңғы толқын аға буын өкілдері ұстаздарымыз келіп отыр. Ендеше осы ұстаздарымызға қол соғып, қошемет көрсетейік. Сіздерге мың алғыс!
Искакова Баян Неғметқызы
Амирханова Сания Сатылғанқызы

2 – жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып, 5 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар. (өлеңдерін оқиды)
Би: 9 сынып ұлдары брейк биі

1-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Сіздерге мың алғыс!
Абдыкеева Күлжиян Ануарбекқызы
Даньяров Қанат Дюсенбайұлы

Көрініс: 5 сынып оқушыларының қатысуымен көріністі тамашалаңыздар.
2 – жүргізуші: Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да. – Жайнагүлдің орындауында «Аппақ гүлдер» әні

1-жүргізуші: Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім – әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Сіздерге мың алғыс!
Абдирахманова Гүлжайна Музафарқызы
Тұңғышхан Бекенайұлы

2 – жүргізуші: Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас.
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас – алдарыңызда өз өнерімен келген 11 сынып оқушысы Әсемнің биін қошеметпен қарсы алыңыздар!

1 – жүргізуші: Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршама – ұстаздарға арнаған 10 сынып оқушыларының көрінісін қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын.

1 – жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар ...!
(Көрініс: 8 сынып оқушылары) №
Би: 9 сынып қыздарының орындауында биді тамашалаңыздар

2 – жүргізуші: Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстаздарға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жылдардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
Би: 7 сынып оқушылары
Ән: Ақжібектің орындауында «_________» әнін қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші: Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін деп алғыс білдіреміз.
2 – жүргізуші: Қош, сау болыңыздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ұстаздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×