Сайтқа кіру Тіркелу

Аяулы аналар!

Тақырыбы: Аяулы аналар.

Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Түрлі мақалдар, суреттер, шар, гүл суреттері.
Сабақтың барысы: Балалар мерекеге сай әдемі киінген, бәрі сап түзеп тұрады. Үн таспадан ән ойнап тұрады. Төрде шақырылған аналар, қонақтар.

Кіріспе:
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Бәріңізді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір жылылық пен әсемдік сыйлайды
емес пе?

8-наурызда адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды құрметтейді.
«Ана» дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» - сөзі елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды.
Олай болса бүгінгі аналарға арналған, өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған ертеңгілік мерекелік концертін тамашалаңыздар.

1-оқушы: Той пердесін ашайық ,
Тойға шашу шашайық .
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Ән. Бір оқушы әнді орындап, қалғаны қайырмасына қосылады.

2-оқушы:Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі-жаным деген, сая маған.

3- оқушы: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.

Ән.
4-оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

5- оқушы: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Ән.
6-оқушы: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі-әжем.

7-оқушы: Ақ қабақты анашым
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.

Би:
8-оқушы: Ана біздің күніміз.
Аялаған анамыз. Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз. Ұзақ өмір сүріңіз.

9-оқушы: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім.

-дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата-аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр.
Ойын жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан үш-үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі.

Аналар сайысы.
(аналар өз топтарына ат қоюлары керек)

1- сайыс. Қыл қалам деп аталады.
(онда ойларын жинақтап оқушы ретінде, өз ойларын, армандарын жаңа заманға сай етіп саламыз)

2-сайыс. Әнді сүйсең менше сүй.
(ән сайысы балалық шақтағы әндер айтылу керек)

3- сайыс: Іздеп тап.
(ортаға бір-бір аналар шығып, топ ұлдың ішінен өз ұлдарын табу керек)

4- сайыс: Бала тілі бал (қызықты оқиғаны балаша сөйлеп айту)
5- сайыс: Ақ тілек деп аталады (жалпы балаларға тілейтін тілегіңіз)

Сайыс қорытындысы: Алдын ала сайланған әділ-қазылыр алқасы өз ұпайларын беру арқылы жеңіске жеткен аналарға сыйлық беріліп қорытындысы айтылады.
Қорытынды: Сонымен бүгінгі 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осымен сіздерге арналған ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз.
Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×