Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Тақырыбы: Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайд тар т. б.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 - бөлім – Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2 - бөлім – Тақпақтар (оқушылар денсаулыққа байланысты тақпақтар айтады) 3 - бөлім..

Психологиялық ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер - қолдарыңды жоғары көтеріңдер
Тазалықты сақтаймын десеңдер - бес саусақтарыңды алға созыңдар
Күн тәртібін орындаймын десеңдер - орындарыңнан секіріңдер
Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер — үш рет қол соғыңдар

4 – бөлім. Бейнефильм

5 - бөлім. « Денсаулық зор байлық»- сұрақ жауап 6 - бөлім. Мақал мәтелдер ( денсаулыққа байланысты)
7 - бөлім. Сергіту сәті. Қара жорға 8 - бөлім. Жағдаяттар 8 - бөлім. «Өмір театр» көрініс» 9 - бөлім. Жүректен жүрекке ( Оқушылар бір біріне тілектер айтады)

10 - бөлім. Қорытынды

Мұғалімнің кіріспе сөзі Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

Балалар: Денсаулық.
Өтілу барысымен таныс болыңыздар: 2 топқа бөлініп отырамыз
2 - бөлім – Тақпақтар (оқушылар денсаулыққа байланысты тақпақтар айтады)

Ақнар:
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Әлиат:

Денсаулық ол – күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Айбын:

Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол – аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар –
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің –
Құрылысың бұл ішкі.

Эльвира:

Сымбат – мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

3 - бөлім. Психологиялық ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер - қолдарыңды жоғары көтеріңдер
Тазалықты сақтаймын десеңдер - бес саусақтарыңды алға созыңдар
Күн тәртібін орындаймын десеңдер - орындарыңнан секіріңдер
Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер — үш рет қол соғыңдар

4 – бөлім. Бейнефильм
Оқушыларға денсаулыққа байланысты бейнефильм көрсетіледі.

5 - бөлім. « Денсаулық зор байлық»- сұрақ жауап
Бейнефильм бойынша не көргендерін қорытындылайды.
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

3. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

4. Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

Денсаулыққа не зиян? Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.

6. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

6 - бөлім. Мақал мәтелдер ( денсаулыққа байланысты)

Денсаулық – зор байлық
Шынықсаң – шымыр боларсың.
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.

Тәні саудың - жаны сау
Денің сау болса, жарлымын деме,
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

Демі бардың – емі бар.
Ауруын жасырған өледі.
7 - бөлім. Сергіту сәті. Қара жорға биі

8 - бөлім. Жағдаяттар

1 - жағдаят

Бір күні сені жан досын бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.

Осы жағдайда не істер едің. Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?
3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?
5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?
8 - бөлім. «Өмір театр» көрініс» 9 - бөлім. Жүректен жүрекке ( Оқушылар бір біріне тілектер айтады)
10 - бөлім. Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің денсаулығым, менің болашағым

Менің денсаулығым, менің болашағым

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру....
Салауаттылық - саулық негізі

Салауаттылық - саулық негізі

Салауаттылық – саулық негізі Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып денсаулықтарын сақтауға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен...
Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Ақтөбе облысы. Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету