Сайтқа кіру Тіркелу

Алматы – менің сүйікті қалам

Тәрбие сағаты:
Алматы – менің сүйікті қалам (Алматы қаласының 1000 жылдық тарихына арналады)

Алматы қаласының тарихы
Мақсаты:
Алматы қаласының кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына, даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу;
Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру.
Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту, өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
Көрнекілік: Алматы қаласы туралы слайд, бейнефильмдер, нақыл сөздер, кітап көрмесі.

Алматы – әсем қала
Алматы – Қазақстанның ең ірі, ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан да ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмкерген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алмасы.
Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь - Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелең Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500 - 1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс - жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау - бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз Отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы туралы бейнефильм көрсетіледі.
Алматы қаласы туралы сұрақ - жауап:

Әкімшілік - территориялық құрылымы: қала 8 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау, Наурызбай
Тілі: қазақ, орыс

Этникалық құрамы: қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т. б. - 5%

Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи жәнет. б.
Ақша бірлігі: теңге
Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы
Аумағы: 339, 36 шаршы шақырым
Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.)
Халық санының тығыздығы: 4227 шаршы шақырым
Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600 - 2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан

Экономика: ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің ЖІӨ - нің 1/5 бөлігі, салық түсімдерінің 30%- ы, банк операциялары 70%- ы, бөлшек және көтерме сауданың 50%- ы, инвестицияның 12%- ы Алматы қаласының үлесінде

Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі
Ауылшаруашылығы: жеміс - жидек, көкөніс, мал шаруашылығы, балық аулау
Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы

Климаты: континенталды
Оқушылар «Алматы – менің сүйікті қалам» тақырыбында туралы түрлі мәлімет көздерінен мағлұматтар береді.

Рефлексия: «Алматы – менің сүйікті қалам» тақырыбында туралы эссе жазу
Сүйікті қалам туралы не білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектеп
9 «Б» сынып, сынып жетекшісі: Журынова Фарида Темирхановна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы

Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы

2019 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы мұсылмандарды ұлы – Құрбан айт мерекесімен құттықтады....
Алматы ауасындай мінезің бар

Алматы ауасындай мінезің бар

Алматы ауасындай мінезің бар, Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар....
Алматы қаласы. Барыс септік

Алматы қаласы. Барыс септік

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға барыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын меңгерту. Алматы қаласы туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған...
«Өз Астанам – өз ордам»

«Өз Астанам – өз ордам»

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!

Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!

Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×