Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Айналайын Анашым

Тақырыбы: Айналайын, анашым!
Мақсаты: 8 - наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.
Көрнекіліктер: Слайд, гүлдер, АҚТ, суреттер, қанатты сөздер, шарлар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, қыздар! Бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Көктемнің алғашқы күндер жүздеріңізден күлкі кетпесін, әрдайым жадыраңқы көңіл күймен жүріңіздер.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар бүгін 8 - наурыз аналардың, ару қыздарымыздың, ұстаздардың мерекесі! Расул Ғамзатов ағамыздың сөзі бар: «Ана» дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды. Қазір аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Ильназ: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналарды мерекесін біз бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың
Ақерке: Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытты толы өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын
Ислам: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі
. Еркежан: Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже, аналар!
Амир: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Абылай: Мейірімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты.
Ең жақсы жан балаға,
Ол кім десең, ол - Ана!
Ұлағат: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Тәрбиелі анамды,
Үнемі айтып мақтанам.
Берік: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Нүрдәулет: Тентек болсам, ашынып,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Інжу: Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.

Сезім: Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың.
Адия: Құрметті анам,
Менмін ерке балаң
Көмектесіп саған
Көңіліңді табам.
Аяжан: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әкелерді ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші: Шарықтатып мерекеде ән бастайық,
Өнерпаз өлеңдерге тамсанайық.
Ортамыздан шығады қараңыздар,
Күміс көмей әнші қызды қарсы алайық.
Ән: «Әке Ана» орындайтындар Еркежан, Берік, Айназ, Санжар, Ұлағат
Жүргізуші: Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Құйрығында - құндызы,
Маңдайында - жұлдызы.
Би: «Цветочная фантазия»
Жүгізуші: Ана - бұл сөз әр халықтың тілінде бар. Бұл сөз әр анаға нәзік, мейірімді жылы естіледі. Қазақ тілінде - ана, орыс тілінде - мама, ағылшын тілінде - мазэ.
Ән: Хор «Айдидарлы анашым»
Жүргізуші: Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды - ай
Тамылжытып ән салмай
Күнде думан болмайды - ай,- дегендей, сіздердің алдыларыңызда
Ерке Есмаханның әні «Қайда» орындайтындар: «Қыздар тобы»
Жүргізуші: Ойын «Кімнің анасы жылдам?» /қағаздың қиындысынан гүл жасау/
Жүргізуші: Қазір алдарыңызға мың бұралған биші қыздарңыз орындауында «Аққу»биі Айназ Т, Айлин А
Жүргізуші: Көрініс Қызыл телпек»
Есік қағылады. Қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәлеметсіздер ме? Балалар, Қызыл телпекті көрмедіңдер ме? Мен сол қызыл телпекті іздеп жүр едім. Сендер неге жиналып қалғансыңдар?
Жүргізуші: Бүгін 8 - наурыз қыздардың, аналардың, әжелердің мерекесі.
Қасқыр: Е, бәсе Қызыл телпек әжесіне келу керек еді, әжесіне сыйлық іздеп жүрген болар.
Мен әжесін ұстап алайын,- деп әжесінің есігін қағады. Ешкім ашпайды.
- Әже мерекеде қыдырып кеткен болар. Қызыл телпекті ұстап алайын.
- Балалар, сендер айтпаңдар, жарай ма!
- Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мерекелерің құтты болсын! Сендер де әжелеріңді құттықтап жатқан боларсыңдар, менде әжемді құттықтауға келдім,- әжесінің есігін қағады.
Қасқыр: Кім бұл?
Қызыл телпек. Әже, әже мен ғой, немереңіз Қызыл телпекпін ғой. Сізді мерекеңізбен құттықтауға келдім. Сіздің тамағыңыз ауырып қалған ба?
Қасқыр: Менің тамағыма суық тиіп қалды./есікті ашып кіреді, қасқыр әжесінің киімін киіп алған/Қызыл телпекті құшақтап амандасады.
- Әже, әже, сенің қолың неге үлкен?
- Сені қатты құшақтау үшін, қызым.
- Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
- Сені жақсы есту үшін.
Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
Сен алыстан көру үшін, қызым.
- Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
- Етті жақсы жеу үшін, қызым,- дегенде киімді шешіп тастайды.
Қызыл телпек: Сен қасқыр екенсің ғой,- деп Қызыл телпек жылайды.
Қызыл телпек: Менің әжем қайда, әлде сен жеп қойдың ба?
Қасқыр: Жо, жоқ, мен сенің әжеңді жегенім жоқ. Бүгін әжелердің мерекесі ғой, ренжітуге болмайды. Мен өз ойымнан бас тарттым. Қызыл телпек мен саған 8 - наурыз мерекесіне сыйлық жасадым.
Қызыл телпек: Рахмет қасқыр. Дұрыс мейірімді болу керек.
Жүргізуші: Сендер кетпеңдер, балалармен бірге мерекеге қатысыңдар.
Жүргізуші: Аналар бүгін қаншама жылы лебіздер естиді. Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адамсыздар. Енді сіздердің назарларыңызға мың бұралған 1 «ә» сыныбының қыздары шығады.
Би:«Ақ бантик»
Жүргізуші: Аналарымызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздермен бүгінгі «Айналайын анашым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету