Сайтқа кіру Тіркелу

Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық

Тақырыбы: Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық.
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілермен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайдтар, суреттер, қолөнер бұйымдары, домбыра.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын аудару

Кіріспе сөз: Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі тәрбие сағаты 4 - бөлімнен тұрады.
Қолөнер – мол өнер.
Кім жылдам?
Ойлан, тап!
Өнер талаптан туады.

“Қолөнер – мол өнер” (Қолөнер көрмесі)
Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек.
«Құстұмсық» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою - өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.
«Қошқармүйіз» ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады.
«Түйетабан» ою - өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою - өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою - өрнегіне ұқсайды.
«Қосалқа» ою - өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды.
«Тұмарша» ою - өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл - көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Ою - өрнек түрлерінің біразымен таныс болдық, ендігі кезек топтық жұмыс.
1 - топ: ою - өрнек үлгісін жасау.
2 - топ: қағаздан құрақ құру.
3 - топ: қағаздан торсық жасап, ою жапсыру.

«Кім жылдам?» бөлімі (Мақалды жалғастырады)

Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шебердің – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)
Өнерлі өрде озар, (Өнерсіз жігіт жер соғар).
Өнерлі өрге жүзер.
Ақыл көпке жеткізер, (Өнер көкке жеткізер).
Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөз алтын).
Өнерлі қол бақытқа жол.
Ілім - іштегі нұр, (Өнер сыртқа салынған түр).
Өнерді үйрен (Үйренде жирен).
Өнер қанат, (Білім санат).
Қол өнері кілемде, (Сөз өнері өлеңде).
Өнер қуып ой түзе, (Жұмыс қылып бой түзе).

«Ойлан, тап!» бөлімі (Топтық жұмыс)
1 - топ: жұмбақ құрастыру.

2 - топ: өлең шығару.

3 - топ: өлеңді жалғастыру.
Өлең деген – өмір сүру, іздену,
Білмегенді білгендерден үйрену.
Өлең деген –...

Өнер талаптан туады.
Сыныптың ұлдары қол күресуге шығады.

Ортаға өнерлі қыздарымызды шақырайық «Қосалқа биі»
Оқушылардың орындауында күйге кезек берейік.

- Табылар бойларыңнан келер білім,
Арқалап келіп өнер жүгін.
Бүгін шаш үлгісін жасайтын,
Көреміз қыздардың шеберлігін.

“Өнер – таусылмас азық, жұтамас — байлық” – дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол. Халықпен бірге жасап келеді және жасай береді – демекші, бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халқымның ұлттық өнері

Халқымның ұлттық өнері

Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі – ұлттық қолөнер. Ұлттық қолөнеріміздің өзі бірнеше түрге бөлінеді: киіз басу, тігін тігу, тоқыма өнері,...
Қабырға кілемшесі - тұскиіз элементін кестелеп тігу

Қабырға кілемшесі - тұскиіз элементін кестелеп тігу

Мақсаты: Қазақтың ұлттық бұйымдары туралы білімдерін арттыра отырып, эскизін жасау және тігуді үйрету. Ою - өрнек туралы түсінік беру....
Ұлттық ою - өрнек сыры

Ұлттық ою - өрнек сыры

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...
Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

“№21 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1 “В” сынып оқушысы Наурызбаева Айгерім Ғылыми – зерттеу жұмысының...
Ою ойғанның ойы ұшқыр

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қазақтың ою – өрнегімен, оның тарихымен, мағынасымен таныстыру. Дамытушылық: Ою – өрнектің тілін түсіндіру, сырына...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×